Жер қатынастары саласындағы цифрландыру (Геопортал мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» веб-порталының жұмысы туралы)

Жер қатынастары саласындағы цифрландыру  (Геопортал мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» веб-порталының  жұмысы туралы)

Жер қатынастары саласындағы цифрландыру

(Геопортал мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» веб-порталының жұмысы туралы)

 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының жер қатынастары басқармасы «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысының геопорталын құру бойынша жұмыстарды бастады. Бұл геопортал www.vkomap.kz сілтемесі бойынша ашық қолжетімділікте тұр.

Геопортал базасында архивтік материалдарды пайдалана отырып, Өскемен қаласы, аудан орталықтары, аудандық маңызы бар қалалар, негізгі елді мекендер және туристік орындар бойынша бос жер учаскелері мен инженерлік коммуникациялардың интерактивті карталары әзірленді.

Карта қабаттары өзектендірілген жер учаскелерін, инженерлік желілер мен коммуникациялар (электр, сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау) схемалары негізінде қосылу жөніндегі деректерді, бас жоспар мен перспективалық құрылыс аудандарының егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларын және интерактивті карта бойынша ыңғайлы навигация үшін негізгі элементтерді көрсетеді. Бағдарлау үшін танымал картографиялық сервистерді қосу мүмкіндігі әзірленді (Google. Yandex). Осы карталардың негізінде коммуникацияларға электрондық түрде қосылу бойынша қызметтер көрсету мақсатында геоақпараттық портал құрылды және енгізілді.

2021 жылы ШҚО геопорталы тәжірибелік пайдалануға берілді.

Бүгінгі таңда геопорталда жер учаскелерінің кадастрлық бағалау құнын, жер салығы мен жалдау ақысының құнын анықтамалық режимде есептеуге мүмкіндік беретін жер учаскелерін онлайн бағалау модулі орналастырылған. Геопортал «Қазгидромет» РМК деректер базасымен Өскемен қаласында онлайн режимде атмосфералық ауаның жай-күйі бойынша интеграцияланған. Рұқсат етілмеген және стихиялық полигондар бойынша Экология департаментінің деректері орналастырылған.

Smart Bridge порталы арқылы Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (бұдан әрі – ЖМБМК) жүйесімен интеграция аяқталды, ЖМБМК мен Шығыс Қазақстан облысының геопорталы арасында деректерді интеграциялық алмасу үшін сервистер әзірленді. МЖК ААЖ жүйесімен интеграция аяқталды.

Инженерлік желілерге қосылуға техникалық талаптарды алу бойынша табиғи монополиялар субъектілері үшін интерфейстер әзірленді.

«Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу» және «Жер учаскесін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын электрондық түрде сату бойынша сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу арқылы жер учаскесін мемлекеттік меншіктен беру» мемлекеттік қызметтер көрсету мақсатында жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша жұмыстар жүргізілді және орындалды. ШҚО Ұлан ауданы Қ. Қайсенов кентінде 6 жер учаскесін сату бойынша аукцион өткізілді.

ШҚО жер қатынастары басқармасы 2019 жылдан бастап ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ғарыштық мониторингін жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде.

Ғарыштық мониторинг жерді пайдалануды талдаудың тиімділігі мен дұрыстығын арттыру үшін Жерді қашықтықтан зондтау деректерін және мемлекеттік дерекқорлармен интеграцияланған геоақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жүргізіледі.

Ғарыштық мониторинг Ғарыш Сапары веб-порталында «JerInSpectr» модулінде (бұдан әрі – Инспектор кабинеті) жүзеге асырылады, ол өз кезегінде ҚР ҰЕО, АЖС, «Мобильді азаматтар базасы» және «1414» SMS-хабарламалар сервистерімен интеграцияланған.

«Инспектор кабинеті» заң күші бар құжаттарды жасай отырып (ҚР Жер кодексінің 145-1 бабы), ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалануға автоматтандырылған мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ субъектіге (объектіге) бармай-ақ профилактикалық бақылауды жүргізуге мүмкіндік береді. Бақылау жыл сайын Жерді қашықтықтан зондтау деректерін қолдана отырып жүзеге асырылады.

«Инспектор кабинетінің» жұмыс істеу тетігі ЖҚЗ деректеріне сәйкес жерді пайдалану бойынша бұзушылықтарды анықтауға негізделген.

Содан кейін жер пайдаланудың бұзылуы инцидентін бағалау және жер қатынастарын регламенттейтін салалық нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес құжат айналымын жүзеге асыру жүргізіледі.

Бұл сервисте жерді ұтымды пайдаланудың ғарыштық мониторингінің нәтижелері бойынша жер пайдаланудың әрбір бұзылуына инцидент карточкасы қалыптастырылады. Жер қатынастары бөлімдерінің қызметкерлері бұзушылықты растағаннан кейін инцидент карточкасы бармай-ақ профилактикалық бақылауды одан әрі жүргізу үшін АШМ ЖРБК ШҚО Жер ресурстарын басқару департаменті инспекторының кабинетіне жіберіледі.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің ғарыштық мониторингінің деректеріне сәйкес облыс бойынша Ғарыш Сапары веб-порталында 2022 жылы 625 мың га пайдаланылмайтын жер тіркелді, оның ішінде 508,8 мың га алаңда субъектілерге бармай-ақ профилактикалық бақылау шеңберінде жер пайдаланушыларға 1 жыл мерзімге жерді пайдалану қажеттілігі туралы нұсқамалар жіберілді, 116,2 мың га алаңда пайдаланылмау фактілері расталмады.