Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару бойынша ведомствоаралық кіші топтың отырысы

Пайдаланылмайтын жерлерді қайтару бойынша ведомствоаралық кіші топтың отырысы

2023 жылғы 22 ақпанда облыс әкімінің орынбасары Е.А. Нұрбаевтың төрағалығымен ауылшаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлерді қайтару бойынша ведомствоаралық кіші топтың кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында 2022 жылдың қорытындылары жүргізілді. Осылайша, өткен жылы бірлескен жұмыс нәтижесінде мемлекет меншігіне 100,6 мың га пайдаланылмайтын жер қайтарылды.

Ағымдағы жылы облыс бойынша 120 мың га ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланған. Қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін ведомствоаралық кіші топтың мүшелерінетиісті тапсырмалар берілді.