Облыс халқын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат

Облыс халқын жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат

Облыс халқын жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат

2022 жылы азаматтар мал жаю үшін жер учаскелерін алуға 100,5 мың га алаңда 489 өтініш берді, оның ішінде 49,4 мың га алаңда 322 өтініш берушіге жер учаскелері берілді, 51,1 мың га алаңда 167 өтініш берушіге жер учаскелерін беруден бас тартылды. Бас тартудың негізгі себептері:

- сұралған жер учаскесі басқа адамға беріліп қойған (ҚР Жер Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ЖК)                43-бабына сәйкес берілген);

- өтініш берушінің шаруа қожалығы бар (ҚР ЖК 43-1 бабына сәйкес шаруа және ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін мемлекеттік меншіктен жер учаскелерін беру конкурс негізінде жүзеге асырылады);

 - малдың болмауы («Жайылымдар туралы» ҚР Заңының 14-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес);

- сұралып отырған жер учаскесі елді мекеннің шекарасында орналасқан (ҚР Жер кодексінің                36-бабына сәйкес азаматтардың жеке меншігіне және жер пайдалануына жайылымдық жерлер берілмейді және жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін халықтың мұқтаждығы үшін ғана пайдаланылады).