Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 7 «Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 7 «Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысына  өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 16-бабы 1-тармағының 10-4) тармақшасына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 63-бабының 7-тармағына сәйкес, жер учаскелерінің шекараларын қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын ескере отырып, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қаңтардағы № 7 «Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығаруды бастау туралы» қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты мынадай жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару басталсын:

1) Семей қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 28 қарашадағы № 1679 қаулысымен Ахат Мадиевич Алдабергеновке уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген Семей қаласы Озерка ауылдық округінің аумағындағы нысаналы мақсаты – «Дос» шаруа қожалығын жүргізу үшін, кадастрлық нөмірі 05-252-153-322, ауданы 554 га жер учаскесі;

2) Семей қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 20 қарашадағы № 2209, 2020 жылғы 21 тамыздағы № 1253 қаулыларымен Нурлан Майранбекович Казезовке, Венера Муслимхановна Садвакасоваға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген Семей қаласының Приречный ауылдық округінің аумағындағы нысаналы мақсаты – «Жанат-Т» жай серіктестігі нысанында фермерлік шаруашылықты жүргізу үшін, кадастрлық нөмірі 05-252-150-193, ауданы 455,4 га жер учаскесі;

3) Семей қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 9 желтоқсандағы № 1713, 2019 жылғы 20 қарашадағы № 2209, 2020 жылғы 21 тамыздағы № 1253 қаулыларымен Нурлан Майранбекович Казезовке, Венера Муслимхановна Садвакасоваға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген Семей қаласының Приречный ауылдық округінің аумағындағы нысаналы мақсаты – «Жанат-Т» шаруа қожалығын жүргізу үшін, кадастрлық нөмірі 05-252-150-186, ауданы 3744 га жер учаскесі;

4) Семей қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 14 қазандағы № 1125, 2019 жылғы 20 қарашадағы № 2209, 2020 жылғы 21 тамыздағы № 1253 қаулыларымен Нурлан Майранбекович Казезовке, Венера Муслимхановна Садвакасоваға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген Семей қаласының Озерский ауылдық округінің аумағындағы нысаналы мақсаты – «Жанат-Т» жай серіктестігі нысанында фермерлік шаруашылықты жүргізу үшін, кадастрлық нөмірі 05-252-153-276, ауданы 576,5 га жер учаскесінің бөлігі;

5) Семей қаласы әкімінің 1998 жылғы 6 сәуірдегі № 182 шешімімен Турлыбек Салешович Омархановқа уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген, Семей қаласы Приречный ауылдық округінің аумағындағы нысаналы мақсаты – шаруа қожалығын жүргізу үшін, кадастрлық нөмірі 05-252-150-050, ауданы 315 га жер учаскесі;

6) Семей қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 18 наурыздағы № 460 қаулысымен Зарина Танырбергеновна Кенжекановаға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген, Семей қаласы Приречный ауылдық округінің аумағындағы нысаналы мақсаты – «Токиш» шаруа қожалығын жүргізу үшін, кадастрлық нөмірі 05-252-150-213, ауданы 1293 га жер учаскесі;

7) Семей қаласы әкімдігінің 2007 жылғы 22 қазандағы № 1345, 2014 жылғы 6 мамырдағы № 642 қаулыларымен Дархан Дауренбекович Аймановқа, Зарина Танырбергеновна Кенжекановаға уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген Семей қаласының Приречный ауылдық округінің аумағындағы нысаналы мақсаты – шаруа қожалығын жүргізу үшін, кадастрлық нөмірі 05-252-150-155, ауданы 4831 га жер учаскесінен ауданы 4070,8191 га жер учаскесінің бөлігі;

8) Семей қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 19 маусымдағы № 757 қаулысымен Дауренбек Баркынович Аймановқа уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген Семей қаласы Приречный ауылдық округінің аумағындағы нысаналы мақсаты – шаруа қожалығын жүргізу үшін, кадастрлық нөмірі  05-252-150-107, ауданы 500 га жер учаскесінен ауданы 319,089 га жер учаскесінің бөлігі;

9) Семей қаласы әкімдігінің 2003 жылғы 18 желтоқсандағы № 689 қаулысымен Ахметкали Советханович Тулегеновке уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен берілген Семей қаласы Приречный ауылдық округінің аумағындағы нысаналы мақсаты – шаруа қожалығын жүргізу үшін, кадастрлық нөмірі 05-252-150-088, ауданы 1300 га жер учаскесінен ауданы 189,1 га жер учаскесінің бөлігі.».

Шығыс Қазақстан облысының  әкімі Д. Ахметов