Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, агроөнеркәсіптік кешен саласында Жер қатынастары басқармасы қалалар мен аудандардың әкімдіктерімен бірлесіп, халықты жеке ауладағы малдарын жаю үшін жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету мәселесін шешу жөніндегі іс-шаралар картасын әзірледі.
Бүгінгі күні облыстың ауыл халқының жайылымдарға қажеттілігі 1005,7 мың га құрады, оның ішінде аналық мал басы үшін 61,3 мың га.
Бұл қажеттілік Қазақстан Республикасы Премьер -Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 172 бұйрығымен бекітілген ауылшаруашылық жануарларының бір басына, оның ішінде аналық мал басына статистикалық мәліметтер мен жайылымдарға түсетін жүктеме нормативтері бойынша статистикалық мәліметтер негізінде есептеумен анықталды.
Облыс бойынша 306 елді мекеннің тұрғындары жайылымға мұқтаж.
Осыған байланысты әзірленген іс-шаралар картасы мынадай іс-шараларды қамтиды:
1) елді мекендердің айналасындағы жайылымдарды мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі іс-шаралар;
2) қосымша жайылымдық алқаптарды шегіне енгізе отырып, ауылдық елді мекендердің шекараларын белгілеу;
3) жайылымдардың шалғайдағы учаскелерін ұйымдастыру, оларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар (суаруға арналған құдықтар салу, шопандардың тұруына арналған орындарды жабдықтау);
4) орман қоры жерлеріндегі жайылымдарды пайдалану;
5) елді мекендердің айналасындағы өнімділігі төмен егістікті жайылымдарға ауыстыруды жүзеге асыру;
6) аудан шегіндегі көрші елді мекендер мен ауылдық округтердің жерлерінде жаю;
7) облыстың барлық аудандары мен қалаларында алып қоюға жататын пайдаланылмайтын жайылымдар анықталатын Қолдау веб-порталында жүргізілетін жайылымдардың ғарыштық мониторингі шеңберінде пайдаланылмайтын жерлерді мәжбүрлеп алып қою.
ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы В. Барсукова