Ақпараттық хабарлама

Ақпараттық хабарлама

шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша «Ұлан ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен конкурсқа ұсынылатын жер учаскелерінің тізімі

Лот тың №

Есеп кварталы,

жер телімінің орналасқан орыны

Жер учаскесі беріледі

Ауыл шаруашылығы мамандануы

Бекітілгенкөлемі, жалдау мерзімі

 

Ауыл шаруашылық алқап түрлері

оның ішінде

Топырақтың сапалы сипаттамасы Бонитет балы

Сумен қамтылуы

Басқалар

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

егістік

жайылым

шабындық

басқа да жерлер

1

05-079-002 есеп кварталы

Сағыр ауылынан  2,7 км солтустікке қарай

Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін

 

Мал шаруашылығы

 

 

120,0

 

10 жыл

 

120,0

 

 

Қара қоңыр

б/б 20

жоқ

 

2

05-079-017 есеп кварталы

Бозанбай ауылынан  3,5 км шығысқа қарай

Конкурс (аукцион) арқылы іске асыру үшін

 

Мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы

 

423,1586

 

10 жыл

124,3307

54,7547

239,9409

4,1323

Қара қоңыр

б/б 28

жоқ

 

3

05-079-039 есеп кварталы

Ново-Азовое ауылынан

 6,0 км оңтүстік-батысқа қарай

Конкурс (аукцион) арқылы іске асыру үшін

 

Өсімдік шаруашылығы

 

101,6

 

10 жыл

 

101,37

 

 

 

0,23

Қара қоңыр

б/б 23

жоқ

 

4

05-079-009 есеп кварталы

Қасым Қайсенов кентінен     3,6 км оңтүстік-шығысқа қарай

Конкурс (аукцион) арқылы іске асыру үшін

 

Мал шаруашылығы

 

     

69,7518

 

10 жыл

 

 

69,3518

 

 

0,4

Қара қоңыр

 б/б 18

жоқ

 

 

ЕСКЕРТПЕ

Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ бір жыл ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздары жіберіледі.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс.

 

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінім және конкурстық ұсыныстар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабының және       Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен бекітілген "Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары " талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Мынадай жағдайларда конкурс өткізілмеді деп танылады:

- конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа екіден кем өтінім келіп түскен жағдайда;

- егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілген болса.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2021 жылдың «12» шілдесінен бастап 2021 жылдың «02» тамыз аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің  орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Толық ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, « Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8(72338) 27-116 алуға болады.