Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен геопортал әзірленді, онда Шығыс Қазақстан...

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен геопортал әзірленді, онда Шығыс Қазақстан...

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігімен геопортал әзірленді, онда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен, Семей қалалары және аудан орталықтары бойынша бос жер учаскелері мен инженерлік коммуникация-лардың электрондық карталары орналастырылған. Ол www.vkomap.kz сілтемесі бойынша ашық қол жетімділікте тұр.

Геопорталда жер учаскелері, ғимараттар, құрылыстар, көше-жол желісі, инженерлік желілер, бас жоспарлар және егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары цифрлық түрде орналастырылған.

Геопортал жергілікті атқарушы органдардың геоақпараттық порталдарына қойылатын бірыңғай талаптарға сәйкес әзірленді.

Сонымен қатар, геопорталда «Аукциондар» модулі орналастырылған, онда жергілікті атқарушы органдармен аукционға шығарылатын аталған қалалардағы жер учаскелері орналасқан.

Сондай-ақ, геопорталда анықтамалық режимде жер учаскелерінің кадастрлық бағалау құнын есептеуге, сондай-ақ жер салығы мен жалдау ақысының құнын есептеуге мүмкіндік беретін жер учаскелерін онлайн бағалау модулі орналастырылған. Геопортал атмосфералық ауа жай-күйінің деректері бойынша «Қазгидромет» РМК деректер базасымен онлайн режимде интеграцияланған. Рұқсат етілмеген және стихиялық қоқыстар бойынша Экология департаментінен мәліметтер орналастырылды.

Пилоттық жоба шеңберінде геопорталдың «Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры» деректер базасымен интеграциясы іске асырылуда.

Жер қатынастары басқармасы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалына жария кадастрлық карталар жасауға негіз болатын, жасалған электрондық карталардың материалдарын табыстады. Цифрлық жария кадастрлық картаны жасау жер қатынастары саласында жалпы қолданыстағы жер беру тәртібін өзгерте отырып, тек қана электрондық форматта қызметтер көрсетуді көздейді. Сондай-ақ, бұл материалдар қала құрылысы кадастрының дерекқорын толтыру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетіне тапсырылды.

Геопорталды жаңа бағдарламалық және аппараттық платформаға көшіру іске асырылды.

Әзірленетін Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры БМЖК жүйесімен интеграциялау жөніндегі жұмыстар шеңберінде келесі жұмыстар жүргізілді: Smart Bridge порталы арқылы БМЖК сервистеріне қосылуға өтінімдер берілді, БМЖК мен Шығыс Қазақстан облысының геопортал арасында деректерді интеграциялық алмасу сервистері әзірленді, БМЖК тестілік сервері мен ШҚО геопортал арасында интеграциялық сервистерді тестілеу жүргізілуде.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару Комитетімен бірлесіп мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі – МЖК ААЖ және Шығыс Қазақстан облысының геопортал арасында деректерді интеграциялау бойынша пилоттық жоба іске асырылды.