Жер біздің басты байлығымыз, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын стратегиялық...

Жер біздің басты байлығымыз, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын стратегиялық...

Жер біздің басты байлығымыз, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын стратегиялық ресурс, сондықтан Жер ресурстарын ұтымды пайдалану және қорғау цифрлық мониторингтің қазіргі заманғы әдістерін қолдана отырып шешуге болатын аса маңызды мемлекеттік міндеттердің қатарына жатады.

2020 жылы Шығыс Қазақстанда пилоттық режимде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің цифрлық ғарыштық мониторингі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мониторингінің веб-порталын пайдалану арқылы жүргізілді.

Ғарыштық мониторинг пайдаланылмайтын жерлерді немесе ұтымсыз, заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын жерлерді анықтау бойынша өзінің тиімділігін көрсетті.

Облыс бойынша 2020 жылғы 1 қаңтарға 11,8 млн. га алаңда, оның ішінде       1,5 млн. га егістік, 9,5 млн. га жайылым, 17103 ауыл шаруашылығы құрылымдары қызметін жүзеге асырады.

Ғарыштық мониторинг қашықтықтан зондтау деректерін, вегетация индексін, рельефті, жауын-шашынды, топырақ ылғалдылығын, ауыспалы егіс туралы мәліметтерді, тіркелген ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді талдау негізінде жүргізіледі.

Бұл жұмыс ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалануды бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді. Жосықсыз жер пайдаланушыларға қатысты салық ставкасын 20 есе ұлғайту жолымен экономикалық ықпал ету шаралары қолданылатын болады.

Қазіргі уақытта веб-порталда берілген егістік және жайылым алқаптарын пайдаланбайтын жосықсыз жер пайдаланушылардың тізілімі қалыптастырылған. 2020 жылдың қорытындысы бойынша тізілімге ауданы 61,9 мың га пайдаланылмайтын егістігі бар 723 субъект, ауданы 4 784,3 мың га пайдаланылмайтын және ұтымсыз пайдаланылатын жайылымдары бар 5974 субъект енгізілді.

Ескерту мақсатында бүгінгі таңда қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдары жерді пайдалану қажеттілігі туралы 4 мыңнан астам хабарлама жіберді.

Аграршылар хабарламаларымен Колдау веб-порталындағы жеке кабинетке кіру арқылы танысуларына болады. Хабарламада көрсетілген фактілермен келіспеген жағдайда немесе берілген жерлерді одан әрі пайдалану ниеті кезінде кері байланыс функционалы көзделген, яғни жер пайдаланушылар үйден шықпай-ақ жергілікті атқарушы органдарды жерді игеру мен пайдалануға бағытталған алдағы жоспарлары туралы хабардар ете алады.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін алып қоюдың тиісті тетіктерін күшейте отырып, оларды өндірістік қызметке тарту бөлігінде тапсырмасын іске асыру шеңберінде пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін тексеру кезеңдерін және алып қою мерзімдерін 2 жылдан 1 жылға дейін қысқартуды, цифрлық технологияларды қолдана отырып, жерді қашықтықтан зондтау деректерін пайдалана отырып, байланыссыз бақылау процесін автоматтандыруды, пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы жерлерін ғарыштық мониторинг деректерінің негізінде сот тәртібімен қайтаруды көздейтін жерді пайдалану мен қорғауға мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша заң жобасы әзірленді.

Бірде-бір немқұрайлы жер пайдаланушы назардан тыс қалмайтынын атап өткіміз келеді.