Меню
Страницы
Басқармала туралы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Басқарма туралы
Қызметі
Все материалы
17 апреля 2026
Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2026 жылдың 1-тоқсанында жер учаскелерін беру жөнінде өткізілген конкурстар мен аукциондар туралы
04 марта 2026
Интернет-алаяқтар белсенділігін арттырды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы азаматтарды жалған инвестициялық платформаларда, deepfake технологияларын, сондай-ақ бұрын
жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша жалған қызметтерді пайдалана отырып, азаматтарды қаржылық алаяқтыққа тарту бойынша интернет алаяқтардың күшейе түсуі туралы ескертеді.
Егер бұрын шабуылдаушылар «Қазатомөнеркәсіптің» фишингтік сайттарын пайдаланса, бүгінгі таңда киберқылмысшылар екінші деңгейлі банктердің, ірі құрылыс фирмаларының жалған инвестициялық
платформаларын жасап, deepfake технологиясының көмегімен танымал тұлғалардың суретін, бейнесін немесе дауысын пайдаланып, азаматтардың ақшасын иелену үшін алаяқтық платформаларды ілгерілетуде.
Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде адал емес брокерлерден зардап шеккендерге ақша қаражатын қайтару бойынша қызметтер белсенді түрде жарнамалануда.
Алайда, бұл инвестиция салу нәтижесінде қаражатынан айырылған азаматтарға бағытталған қайталама алаяқтық схема.
Сақ болыңыз!
Ақша қаражатын сақтау үшін мыналар ұсынылады:

  • күмәнді сілтемелер бойынша өтпеу;
  • дербес және банктік деректерді үшінші тұлғаларға бермеу;
  • әлеуметтік желілер, мессенджерлер және жарнамалар арқылы
    таратылатын инвестициялық ұсыныстар туралы ақпаратты, әсіресе жоғары
    әрі кепілдендірілген табыс уәде етілген жағдайларда, мұқият тексеру;
  • алаяқтық белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына
    дереу хабарласу және банкті хабардар ету ұсынылады.
    Алаяқтар сеніммен ойнайды. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті

 

10 февраля 2026
Шығыс Қазақстан облысының негізгі көрсеткіштері Сандар сөйлейді. 2025 жылдың қорытындылары
Жер сауда-саттығы (конкурстар / аукциондар)
28 января 2026
О проведении конкурса в Глубоковском районе Восточно-Казахстанской области

Ақпараттық хабарлама

 

Глубокое ауданының әкімдігі шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру бойынша конкурс өткізеді.

Конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына, жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына бір жыл бойы қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздарына рұқсат етіледі.           

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер және конкурс ұсыныстары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1 бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларының» талаптарына сәйкес болуы тиіс, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 26 тамыздағы № 261 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2025 жылғы 28 тамызда № 36716 болып тіркелді.         

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу он бес жұмыс күн ішінде 2026 жылғы 09 ақпаннан 2026 жылғы 27 ақпанға дейін ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович  көшесі, 13 «Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі» ММ, мекенжайы бойынша жүзеге асырылады, телефоны 8 (72331) 2-16-41. 

Конкурстық өтінімдері бар конверттер 2026 жылғы 02 наурызда сағат 10.00-де ШҚО, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі, 11А, мекенжайында (аудандық әкімдіктің ғимаратында) ашылатын болады.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

  • конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс;

Конкурстық ұсыныста:

  • Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын

өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Ішкішаруашылық жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша екі өтінімнен кем келіп түскен;

Егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілген жағдайларда, өткізілмеді деп танылады.

 

 

 

 

Жер учаскелерінің тізбесі

 

 

Ауданы, га

Ауыл шаруашылық мамандануы

Жалға беру мерзімі, жыл

Топырақ сипаттамасы, топырақ бонитетінің балы

Суқамтамасыздық

Жер телімінің

орналасқан жері

Шектеулер мен ауыртпалықтар

1

Телім ауданы 5,0 га – егістік.

Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы

10

59

Суландырылған

ШҚО, Глубокое ауданы, Кожохово ауылының селитебтік аймағынан оңтүстік-шығысқа 2,1 км қарай

Кепілге беруді қоспағанда, жер пайдалану құқығын беруге және иеліктен шығаруға тыйым салу.

2

Телім ауданы 5,0 га – егістік.

Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы

10

59

Суландырылған

ШҚО, Глубокое ауданы, Кожохово ауылының селитебтік аймағынан оңтүстік-шығысқа 2,2 км қарай

Кепілге беруді қоспағанда, жер пайдалану құқығын беруге және иеліктен шығаруға тыйым салу.

 

 

«Глубокое ауданының жер қатынастары бөлімі» 

мемлекеттік мекемесінің басшысы                                                                                                                       

 

Жер сауда-саттығы (конкурстар / аукциондар)
28 января 2026
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында конкурс өткізу туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесімен 09.02.2026 жылы конкурсқа ұсынылған жер учаскелерінің тізімі

 

Лот №

Есеп кварталы,

жер телімінің орналасқан орны

Жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Ауыл шаруашылығы мамандануы

Бекітілгенкөлемі, жалдау мерзімі

 

Ауыл шаруашылық алқап түрлері

оның ішінде

Топырақтың сапалы сипаттамасы Бонитет балы

Сумен қамтылуы

егістік

жайылым

шабындық

басқа да жерлер

1

05-069-003 есепті кварталы Ақарал ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 10,0 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін

Мал шаруашылығы

 

99,9

10 жыл

 

69,4

30,4

0,1

Қоңыр түсті

б/б 25

жоқ

2

05-069-003 есепті кварталы Шүршітсу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 23,4 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін

Мал шаруашылығы

 

299,7

10 жыл

 

295,9

 

3,8

Қоңыр түсті

б/б 25

жоқ

3

05-069-006 есепті кварталы Айнабұлақ ауылынан шығысқа қарай 4,0 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін

Өсімдік шаруашылығы

 

10,8

10 жыл

7,6

3,1

 

0,1

Ашық каштан түсті

б/б 49

бар

4

05-069-029 есепті кварталы Аққойын ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 17,9 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін

Мал шаруашылығы

 

174,5

10 жыл

 

154,9

 

19,6

Ашық каштан түсті

б/б 33

жоқ

5

05-069-016 есепті кварталы Қарасай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13,0 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін

Мал шаруашылығы

 

248,3

10 жыл

 

226,0

10,7

11,6

Ашық каштан түсті

б/б 29

жоқ

6

05-069-016 есепті кварталы Жарсу ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 2,7 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін

Өсімдік шаруашылығы

 

12,1

10 жыл

12,1

 

 

 

Ашық каштан түсті

б/б 32

бар

7

05-069-016 есепті кварталы Қарасай ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 13,5 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін

Мал шаруашылығы

 

116,1

10 жыл

 

102,4

 

13,7

Ашық каштан түсті

б/б 29

жоқ

8

05-069-026 есепті кварталы Айнабұлақ ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 2,2 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін

Өсімдік шаруашылығы

 

23,7

10 жыл

23,2

0,5

 

 

Ашық каштан түсті

б/б 52

бар

9

05-069-026 есепті кварталы Шүршітсу ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 13,8 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін

Мал шаруашылығы

 

242,3

10 жыл

 

230,7

 

11,6

Ашық каштан түсті

б/б 27

жоқ

10

05-069-022 есепті кварталы Зайсан қаласынан қаласынан солтүстікке қарай 2,2 шақырым

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауылшаруашылық өндірісін жүргізу үшін

Өсімдік шаруашылығы

 

12,2

10 жыл

12,2

 

 

 

Ашық каштан түсті

б/б 25

бар

 

ЕСКЕРТПЕ

Жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың тізілімінде тұрған тұлғаларды қоспағанда, конкурсқа қатысуға Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ бір жыл ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қоюдан бас тартқан конкурс жеңімпаздары жіберіледі.

Жеке және заңды тұлға болып табылатын қатысушы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынады:

1) конкурсқа қатысуға арналған өтінім;

2)  конкурстық ұсыныс.

Конкурстық ұсыныста:

1) Бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеп-өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, құрылатын жұмыс орындарының саны);

2) Шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту жөніндегі іс-шараларды орындау;

3) Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныстың беттері нөмірленіп, тігілген түрде мөрленген немесе өшірілмейтін сиямен жазылған жабық конвертте ұсынады, конкурстық ұсыныстың соңғы беті жеке тұлғалар (немесе сенімді өкіл) үшін – қатысушының қолымен және заңды тұлғалар үшін – бірінші басшының (немесе сенімді өкіл) қолымен және мөрімен (бар болса) куәландырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінім және конкурстық ұсыныстар Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 43-1-бабының және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы №518 бұйрығымен бекітілген"Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру мен өткізу қағидалары" талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Мынадай жағдайларда конкурс өткізілмеді деп танылады:

- конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа екіден кем өтінім келіп түскен жағдайда;

- егер конкурсқа шығарылған әрбір жер учаскесі бойынша конкурсқа қатысуға екіден кем қатысушы жіберілген болса.

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қабылдау және тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап күнтізбелік отыз күн өткен соң 2026 жылдың «19» қаңтарынан бастап 2026 жылдың «06» ақпан аралығында өтінім қабылдау және тіркеу жүргізіледі.Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің  орналастыру схемасымен жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында, ауылдық округтердің және аудандық жер қатынастары бөлімінің ақпарат бұрыштарынан танысуға болады.

Конкурсқа тапсырылған конверттерді ашу күні 09.02.2026 жылы сағат 14:30 де, ШҚО, Зайсан қаласы, Қонаев көшесі №54 мекен-жайда орналасқан Зайсан ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

 

Толық ақпаратты Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Зайсан қаласы, Қабанбай көшесі №10А мекен-жайында орналасқан «Зайсан аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ-нен мына байланыс телефондары арқылы 8(72340) 27-211 немесе Зайсан ауданы әкімінің ресми сайтынан (www.zaysan.vko.gov.kz) алуға болады

 

 

Жер сауда-саттығы (конкурстар / аукциондар)
21 января 2026
2025 жылдың қорытындысы бойынша ШҚО аумағында жер учаскелерін сату немесе жер учаскелерін жалға алу құқығы бойынша сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) өткізу туралы
26 декабря 2025
Қазақстандағы жерлерді цифрландыру: не өзгереді және бұл бізге не үшін қажет

Жер қатынастарын цифрландыру - Қазақстанның жерді ашық басқаруға, сыбайлас жемқорлықты азайтуға және азаматтар мен бизнес үшін көрсетілетін қызметтерді жеделдетуге бағытталған негізгі қадамдарының бірі.

Жер – елдің стратегиялық ресурсы. Бүгінде ол қағаз мұрағаттарынан цифрлық платформаларға көшуде.

Жерді цифрландыру дегеніміз не?

Бұл жермен байланысты барлық процестерді электронды форматқа ауыстыру:

  • цифрлық карталардағы шекаралар мен координаттар

  • жер учаскелерін есепке алу
  • электрондық өтініштер мен көрсетілетін қызметтер
  • жер пайдалануды автоматтандырылған бақылау
  • мемлекеттік деректер базасымен интеграция

Қазақстанда не енгізілді?

📌 Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры (ЖМБМК) бір жүйедегі учаскелер, құқықтар мен ауыртпалықтар туралы барлық деректер

📌 Электрондық аукциондар

Учаскелерді берудің ашық және мөлдір механизмі

📌 Геоақпараттық жүйелер (ГАЖ)

Цифрлық карталар, координаттар, аймақтарға бөлу, қорғау аймақтары

📌 eGov арқылы онлайн-қызметтер

Анықтамалар, үзінді көшірмелер, өтініштер мәртебесінің мониторингі

Бұл бизнес пен ауыл шаруашылығына не береді?

фермерлерге - түсінікті шекаралар және жерді қорғау

инвесторларға - мөлдір процедуралар

мемлекетке - нақты бақылау және талдау

азаматтарға -ақпаратқа қолжетімділік

🔸 электрондық қызметтерге 100% көшу

🔸 жерді мақсатты пайдалануды онлайн бақылау

🔸 салық, сәулет, жер қойнауымен интеграция

🔸 жер дауларын азайту

🔸 аумақты «ақылды» жоспарлау

Жерді цифрландыру – бұл технология туралы емес. Бұл сенім, әділдік және елдің болашағы туралы.

Жер адамдар үшін жұмыс істеуі тиіс – және цифрлық шешімдер мұны мүмкін етеді.

Жер сауда-саттығы (конкурстар / аукциондар)
30 октября 2025
2025 жылғы 3 тоқсанда өткізілген конкурстар мен аукциондар туралы
15 сентября 2025
«Altai Invest-2025» халықаралық инвестициялық форум

Өңірдің тұрғындары мен қонақтарын «Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форум аясында көрмеге қатысуға шақырамыз

Өтетін орны: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8

Өтетін күні: 2025 жылғы 26 қыркүйек

 

«Altai Invest–2025» халықаралық инвестициялық форумы аясында қатысушыларға инвестициялық бастамаларды іске асыру тетіктерін, сондай-ақ Шығыс Қазақстан аумағында бірлескен бизнес-идеяларды құру перспективаларын талқылау мүмкіндігі ұсынылады.

Форум бағдарламасында өзекті мәселелер бойынша B2B кездесулер, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, энергетика және туризм салаларындағы инвестициялық жобалардың көрмесі, пленарлық отырыс, панельдік сессиялар, сондай-ақ меморандумдар мен келісімдерді қол қою рәсімдері өтеді.

Форумның мақсаты:

Форумды өткізу мақсаты – Шығыс Қазақстан облысының инвестициялық және экспорттық әлеуетін жан-жақты таныстыру, бірлескен жобаларды жүзеге асыру тетіктерін талқылау, экономиканың негізгі салаларында жаңа өсу нүктелерін қалыптастыру, сондай-ақ аймақты халықаралық аренада сенімді және тартымды серіктес ретінде ілгерілету.

Форумның міндеттері:

Ортақ бастамаларды жүзеге асыру және институционалдық диалогты дамыту арқылы өзара тиімді экономикалық қатынастарды орнату мен достық серіктестік байланыстарды нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.

Халықаралық, өңіраралық және шекаралас инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, тікелей инвестициялардың өсуін ынталандыру және өзара туризм алмасуын дамыту.

Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту және транзиттік тасымалдардың көлемін арттыру мен өңіраралық көлік дәліздеріне интеграцияны қоса алғанда, көлік-логистикалық серіктестікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру.

Форумға Қытай Халық Республикасы, Түрік Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Әзербайжан Республикасының Төтенше және Өкілетті елшілері, Ресей Федерациясының Бас консулы, Ресей Федерациясы Федералдық Одақ Кеңесі мен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданының өңірлері, Моңғолияның Хов аймағы өкілдері, шетелдік және қазақстандық компаниялар, сондай-ақ АҚШ, Германия Федеративтік  және Қытай Халық Республикасынан блогерлер, қаржылай институттар, квазимемлекеттік ұйымдар және т.б. қатысады.

 

«Altai Invest-2025»

Халықаралық инвестициялық форумының

БАҒДАРЛАМАСЫ

2025 жылғы 26 қыркүйек, Өскемен қаласы,

Үстел теннисі орталығы, Сәтпаев даңғылы, 82/8

 

2025 жылғы 26 қыркүйек

 

08.00-09.00

Тіркеу/Кәсіпорындардың көрмесі – 1-қабат.

09.00-09.45

Салтанатты ашылу. 3-қабат.

09:45 – 11:00

Пленарлық отырыс. 3-қабат.

Тақырып: «Шығыс Қазақстан облысын 2030 жылға дейін дамыту стратегиясы»

 

Тақырып: 2030 жылға дейін ШҚО дамыту стратегиясының негізгі бағыттары

 

Тақырып: «Өнеркәсіп – ШҚО экономикасының негізі»

 

Тақырып: «Шығыс Қазақстан – Қазақстан Республикасының 500 ірі компаниясы картасында»

 

Тақырып: ШҚО-ның инвестициялық артықшылықтары мен перспективалары

11:00 – 11:15

Кофе-брейк.

11:15 – 12:30

№ 1 панельдік пікірталас. ШҚО іскерлік кеңесі. 3-қабат.

Тақырып: «ШҚО дамуына жергілікті бизнес көшбасшыларының көзқарасы»

 

Пікірталас қатысушылары:

-«Қазцинк» ЖШС-нің басқарушы директоры – Лазарев Андрей Павлович

-«AITAS» компаниясының өкілі

-«Шығыс-Сүт» ЖШС-нің бас директоры – Сайлаубаев Сейілжан Жіренұлы

-«Эмиль» ЖШС-нің басшысы – Аберле Анна Эрвинқызы

-«Бес жұлдыз» ЖШС-нің директоры және құрылтайшысы – Тойбазаров Мұхтар Серікұлы

- ЕДҚБ / IFC / Eurobak өкілі

14.00 – 14.10

2023–2024 жж. «ШҚО-дағы үздік инвестициялық жоба» жеңімпаздарын ШҚО әкімінің марапаттау рәсімі.

14.10-14.25

Ынтымақтастық туралы құжаттарға қол қою рәсімі. 3-қабат.

14:30 – 15:15

№ 2 панельдік сессия. 3-қабат.

Тақырып: «Шығыс Қазақстан — тұрақты өсім аймағы»

 

Тақырып: ШҚО-ның өңірлік ерекшеліктері мен артықшылықтары

 

Тақырып: Аймақтың перспективалық инвестициялық жобалары

 

Тақырып: Май және майлы өнімдер саласының инвестициялық мүмкіндіктері

 

Тақырып: «Шетелдік қатысуы бар компанияларға преференциялар»

15:15 – 15:30

Кофе – брейк.

15:30 – 16:45

 

№ 3 панельдік сессия. 3-қабат.

Тақырып: Аймақтың болашақ өсуінің практикалық мәселелері

 

Панель қатысушылары: CRC, жергілікті бизнес, университет/сарапшы, СПК Ертіс АҚ, Мемлекеттік-жекешелік әріптестік центрі

 

 

Инвестиция тарту құралдары мен әдістері.

 

Мемлекеттік және жекеменшік инвестициялар: қатынасы, басымдықтары мен маңызы.

 

ШҚО еңбек ресурстары: мүмкіндіктері мен тәуекелдері.

 

Шағын бизнес: аймақ дамудағы маңызы мен рөлі.

15:30 – 16:45

4 панельдік сессия. 3-қабат.

Тақырып: Шығыс Қазақстанның салалық басымдықтары

 

Тақырып: Майды терең өңдеудің перспективалары.

 

Тақырып: Гастротуризм және элиталық туризм. Шаңғы туризмі мүмкіндіктері.

 

Тақырып: ШҚО су және орман ресурстары – өсу мүмкіндіктері ретінде.

 

Тақырып: Шетелдік қонақтың көзқарасымен күтулер мен мүмкіндіктер.

15:30 – 16:45

B2B кездесулер. 3-қабат.

17:00 – 17:15

Қорытынды сөз. Форум нәтижелері.

 

Жер сауда-саттығы (конкурстар / аукциондар)
18 июля 2025
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша облыс аумағында өткізілген сауда-саттық (конкурстар, аукциондар) туралы
Социальные сети
Instagram парақшасы:
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты