2022 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды

2022 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды

№ исх: 05-2955 от: 10.08.2021

№ вх: 3012/01-26 от: 10.08.2021

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыс берушілерге 2022 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды.

Талаптар:

1) өтінім, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 802 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қағидасының 1 қосымшасына сәйкес беріледі;

2) өтінім тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (шығыс нөмірі, басшының қолымен және мөрлермен расталған, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;

3) өтінімде міндетті түрде нысанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсету қажет;

4) өтінімде 5 таңбалы коды бар экономикалық қызмет түрін міндетті түрде көрсету қажет (мысалы: мыс кенін өндіру және байыту – 07292);

5) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;

Өтінім беру мерзімі: 2021 жылдың 30 қыркүйегінің сағат 16.00 - ге дейін.

Өтінімді қайда беру керек:

- қағаз түрінде ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының кеңсесіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй, 205 кабинет);

- электрондық нұсқасын r.taymuldina@akimvko.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберіледі, және электрондық тасымалдауыш болса ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 301 кабинетіне. (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй).

Байланыс деректері: 8 (7232) 75-32-99, 87713057383, r.taymuldina@akimvko.gov.kz.