Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2020 жылдағы жұмысының нәтижелері туралы АҚПАРАТ

Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының 2020 жылдағы жұмысының нәтижелері туралы АҚПАРАТ

Басқарма 2020 жылы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 4-тармағында айқындалған құзырет шеңберінде келесідей жұмыстар жүргізді:

Жыл басынан бері азаматтардың, заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттің құқықтарының бұзылуына қатысты 361 өтініштер қаралды. Басқармаға келіп түскен өтініштерді, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тапсырмаларын қарау барысында 230 тексерулер жүргізілді, оның барысында жалпы ауданы 150,13 га жерде Қазақстан Республикасының жер заңнамасын 272 бұзушылық анықталды, оның ішінде:

1) жерді өз бетінше иеленіп алу фактісі бойынша 42 оның жалпы ауданы 111,83 га;

2) 1,86 га алаңында жерді нысаналы мақсатына сай емес пайдалану бойынша 19 факті;

3) жалпы ауданы 36,44 га жер учаскелерін пайдаланбау бойынша 56  заң бұзушылық;

4) облыстың аудандары мен қалаларының жергілікті атқарушы органдарының 155 бұзушылықпен шешімдердің қабылдауы.

Заң бұзушыларға жалпы сомасы 5,3 млн. теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ, жерді пайдаланбау немесе заңнаманы бұза отырып пайдалану фактілері бойынша ҚР Жер кодексінің 92-94-баптарына сәйкес бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар берілді, сонымен қатар әділет органдарында осы жер учаскелеріне құқықпен мәмілелер жасауға ауыртпалықтар қойылды.

Заң бұзушыларға әкімшілік шаралар мен нұсқамалар беруден басқа, мемлекеттік бақылау нәтижесінде анықталған пайдаланылмайтын немесе бұзушылықтармен пайдаланылатын жер учаскелеріне Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 509-бабының талаптарын негізге ала отырып, қосымша 10 еселенген салық салу қолданылуда, 2016 жылдан бастап облыстық бюджетке 52,2 млн.теңге қаражаттың түсуін қамтамасыз етті.

2020 жылы 2019 жылы берілген орындалмаған нұсқамалар бойынша жалпы ауданы 71,2 га 88 жер учаскесін алып қою туралы 70 талап-арыз берілді, оның ішінде жалпы ауданы 28,91 га 46 учаске (Өскемен қ.-41, Семей қ. - 1, Аягөз қ. – 1, Риддер қ. – 1, Шемонаиха ауданы – 1 және Алтай ауданы – 1) мәжбүрлеп алынды, жалпы ауданы 24,9 га 22 учаске бойынша әр түрлі себептермен талап - арыздар қайтарылып алынды, жалпы ауданы 17,39 га қалған 20 учаске бойынша талап-арыздарды соттармен қарастырылуда.

ҚР Жер кодексінің 94-бабына сәйкес пайдаланылмайтын жер учаскесін мәжбүрлеп алып қойған жер учаскелерінің меншік иелері (жер пайдаланушылар) жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалардың арнайы тізіліміне енгізіледі, содан кейін олар 3 жыл ішінде жер учаскесін ала алмайды. Бүгінгі таңда басқармамен 2016 жылдан бастап ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне жолданған материалдар бойынша тізілімде 260 жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар бар.

Жоғарыда көрсетілген  230 тексерудің 45 аудандардың, қалалардың, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі - ЖАО) қатысты. Осы тексерулердің нәтижесінде жер заңнамасын бұза отырып шығарылған 155 шешім анықталды, оның ішінде 118 жер учаскесіне құқық беру туралы азаматтардың өтініштерін қарау мерзімдерін бұза отырып қабылданған шешімдер және 37 заңсыз қабылданған шешімдер (21 шешім бойынша олардың күшін жою туралы талап-арыздар берілді, 16 шешім бойынша ЖАО берген нұсқаулардың мерзімі өтпеген).

2020 жылы басқарма ЖАО – ның 29 шешімін сот тәртібімен жою туралы 19 талап-арыздар сотқа берілді (2020 жылы жүргізілген тексерулер бойынша 19 шешім және 2019 жылғы бойынша 7 шешім). 2020 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сот 11 шешімнің күшін жойды (жалпы ауданы 3,4 мың га 12 учаске), 7 шешім бойынша сот талаптарды қараудан бас тартты (басқарма осы сот шешімдеріне қатысты шағымданды), 11 шешім бойынша талаптар қаралуда.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Басқарма Instagram әлеуметтік желісінде басқарманың және басшының ресми аккаунттарында (ukioz_vko, seisengazychukaev) мемлекеттік органның қызметі туралы ақпараттар орналастырады, сондай-ақ халықты ақпараттандырудың мақсатында заңнамалық нормаларын түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Сонымен қатар, басқарма басшысы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен ALTAI телеарнасында тікелей эфирде өткен брифингке қатысты, сондай-ақ облыстық «Рудный Алтай» және «DIDAR» газеттерінде 12 мақала жарияланды.

2021 жылы басқарма тексеру жүргізуге енгізілген мораторий талаптарын сақтай отырып, жер учаскелерін пайдалану және беру кезінде жер заңнамасының сақталуын бақылау бойынша, сондай-ақ Мемлекет басшысының және облыс әкімінің тапсырмаларын іске асыру мақсатында берілген нұсқамалар орындалмаған жағдайда жерді мәжбүрлеп алып қою бойынша жұмыстарды жалғастыратын болады.