Шығыс Қазақстан облысының аудан және қала әкімдіктерімен ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде мемлекеттік бақылауды жүргізу туралы 2020 жылдың 9 айының нәтижелері туралы ақпарат

Шығыс Қазақстан облысының аудан және қала әкімдіктерімен ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерде мемлекеттік бақылауды жүргізу туралы 2020 жылдың 9 айының нәтижелері туралы ақпарат

Облыс әкімі орынбасарының 2018 жылғы 10 тамыздағы № 29 хаттамалық шешімін орындау мақсатында, ҚР Жер кодексінің 17 бабының 2-1) тармағы және 18 бабының 2-2) тармағымен қарастырылған қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы органдарымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру туралы 2020 жылдың 9 айының нәтижелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасымен мониторинг жүргізіліп және талдау жасалды.
Шағын және микрокәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулер жүргізуге мораторийдің енгізілуіне байланысты (ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың 29.12.2019 ж. № 229 Жарлығы) аталған кезеңде аудандар мен қалалардың инспекторлары тексеру жүргізген жоқ, өйткені ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердегі бақылаудың негізгі субъектілері шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жататын шаруа қожалықтарының басшылары болып табылады.
Алайда, бүгінгі күні 2019 жылы берілген ауданы 78,2 мың га жерде нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша жұмыс жүргізілуде, (62,22 мың.га – а/ш жерлерді пайдаланбау және 15,97 мың.га – а/ш жерлерді тиімсіз пайдалану, дәл айтқанда ауыспалы егісті сақтамау немесе мал басы санының болмауы), олар бойынша келесі шаралар қабылданды:
- 26,43 мың га – бұзушылықтар жойылды (мал сатып алынды, ішкішаруашылық жерге орналастырпу жобалары және ауыспалы егістер жоспарлары дайындалды), сондай-ақ жер пайдаланушылар жер учаскелерін игеруге кірісті;
- 12,08 мың га – мемлекет меншігіне қайтарылды;
- 3,8 мың га – жерлерді мәжбүрлеп алып қою бойынша сот талқылаулары жүргізілуде;
- 19,72 мың га – материалдар аудандар мен қалалар инспекторларының қарауында (жерді мемлекеттік меншікке қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде, сотқа талап арыз жолдау үшін материалдар дайындалуда);
– 16,17 мың га – нұсқамалардың орындалу мерзімі өткен жоқ.
Қазіргі уақытта жалпы құны 3509,8 мың теңгеге салынған әкімшілік айыппұлдардың 3105,8 мың теңгесі өндірілді (88%), құны 101 мың теңгеге айыппұл нұсқаманың орындалуына байланысты сот шешімімен күшін жойды, қалған 303 мың теңге бойынша материалдар мәжбүрлеп өндіру үшін сот орындаушыларына жолданған және қазіргі кезде олардың қарауында.
Бұдан басқа, 36,2 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлеріне қатысты мәліметтер ҚР Салық кодексінің 509 бабының 5 тармағымен көзделген қосымша 10 еселенген салық салу үшін мемлекеттік кірістер органдарына жіберілген. Қазіргі уақытта мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері бойынша төлеуге тиіс салықтың құны 2 133,2 мың теңгені құрайды, олардың ішінен 1 904,4мың га төленген (89%).
Осылайша, ағымдағы жылы 2019 жылдың 15 шілдедегі ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың пайдаланылмайтын ауылшаруашылық жерлерін алып қою және жерлерді тиімді пайдалану бойынша мемлекеттік бақылауды күшейту жөнінде, сонымен бірге 2019 жылдың 2 қыркүйегінде өзінің Қазақстан халқына жолдауында берілген тапсырмасын орындау бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады.