Балық аулау және аң аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Балық аулау және аң аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелері.

Балық аулау – демалыстың белсенді түрі, сонымен қатар өте қауіпті ермек. Су бойында адамды қаншама қауіп-қатердің тосып тұрғанын кез-келген адам біле бермейді. Сондықтан әрбір балықшыға сақтылық пен қауіпсіздіктің қарапайым шараларын орындау қажет.

Балық аулау кезіндегі қайғылы оқиғаны болдырмау мақсатында, Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері профилактикалық рейдтер өткізуде.

     Балық аулау кезіндегі негізгі қауіпсіздік шаралары:

  • балық аулауға шығуды жоспарласаңыз ауа райының болжамдарына назар аударыңыз, ауа райының күрт бұзылуы туралы болжамдар болса жоспарыңызды кейінге қалдырғаныңыз жөн.
  • балық аулауға шығар алдында су, азық-түлік, дәрі-дәрмек қорларының, байланыс және т.б. қажетті құрал-жабдықтардың өзіңізбен бірге болуын, автокөліктеріңіздің жарамдылығын қадағалаңыз;
  • балық аулау учаскелеріндегі мүмкін табиғи және техногендік қауіптерді біліп, өрт қауіпсіздігін қатаң сақтаңыз

Егер Сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз,сабырлық сақтап, үрейге жол бермей  «101», «112»  телефон нөміріне хабарласыныз.

 

 

Зайсан ауданының ТЖБ аға анықтаушысы

азаматтық қорғау капитаны                                           Ж.Дамбулов