Өскеменде автокөлікті заңдастыруға байланысты мамандандырылған ХҚО жұмыс кестесі өзгерді

Өскеменде автокөлікті заңдастыруға байланысты мамандандырылған ХҚО жұмыс кестесі өзгерді

Уақытша кесте алтыншы ақпанға дейін белгіленген, деп хабарлайды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ШҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Шетелдік автокөліктерді заңдастыруға құжаттарды қабылдауға байланысты Өскеменде мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығының жұмыс кестесі өзгерді.

Енді мамандандырылған ХҚО дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Оның ішінде құжаттарды қабылдау уақыты-18: 00-ге дейін. Жұмыс кестесі алтыншы ақпанға дейін белгіленген.

Бұл ретте, автокөліктерді тіркеу және жүргізуші куәліктерін алу бойынша мемлекеттік қызметтер бұрынғы режимде көрсетілетін болады. Дүйсенбіден жұмаға дейін 9:00-ден 18:00-ге дейін, сенбі 9:00-ден 13:00-ге дейін, дайын құжаттарды беру 15:00-ге дейін.