2022 жылғы 14 тамызда Зайсан  ауданының  Дайыр және Біржан  ауылдық округтері  әкімдерінің  сайлауы өтті

2022 жылғы 14 тамызда Зайсан  ауданының  Дайыр және Біржан  ауылдық округтері  әкімдерінің  сайлауы өтті

2022 жылғы 14 тамызда Зайсан  ауданының  Дайыр және Біржан  ауылдық округтері  әкімдерінің  сайлауы өтті.

Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес Зайсан  ауданының Дайыр  және Біржан ауылдық округтері  әкіміндерін  сайлау нәтижелері туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау қорытындылары  анықталды.

Дайыр сайлау округі бойынша ауылдық округі әкімін  сайлау

Дайыр сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1519 сайлаушылар енгізіліп, 981сайлаушылар  дауыс берді.

Дайыр  ауылдық округінің әкімі болып Тойбазаров Асқар Тұрсынғалиұлы  сайланды, 1981 жылы туған, Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық басқармасы «Зайсан вет» Дайыр ауылдық округінің ветпункт меңгерушісі, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Дайыр ауылының тұрғыны, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.

Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес 2022 жылғы 15 тамыздағы  шешімімен Зайсан ауданы Дайыр ауылдық округі әкімі болып сайланған –Тойбазаров Асқар Тұрсынғалиұлын   тіркеді.

Біржан  сайлау округі бойынша ауылдық округі әкімін  сайлау

Біржан сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 860 сайлаушылар енгізіліп, 316 сайлаушылар дауыс берді.

Біржан ауылдық округінің әкімі болып Мырамытов Мереке Есенұлы сайланды, 1989 жылы туған, Зайсан ауданы әкімінің көмекшісі, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласының тұрғыны, «АMANAT» саяси партиясынан ұсынылған.

Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 45-бабына сәйкес, 2022 жылғы 15 тамыздағы шешімімен Зайсан ауданы Біржан ауылдық округі әкімі болып сайланған – Мырамытов Мереке Есенұлын тіркеді.

Зайсан аудандық аумақтық сайлау комиссиясы