Аймақтағы колледждегі жатақханаға мониторинг

Аймақтағы колледждегі жатақханаға мониторинг

«Jas Otan»ЖҚ ШҚОФ «Nur Otan» партиясы аймақтағы колледждердегі жатақханаларға комиссия мүшелерімен мониторинг жүргізді.

Комиссия мүшелері – Зайсан аудандық «Nur Otan» партиясының бірінші орынбасары мен мамандары, Зайсан ауданы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры және мамандары, «Зайсан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісі «Зайсан технологиялық колледжі» КММ жатақханасына профилактикалық тексеру өткізді. Тексеру барысында жатақхана бөлмелерінің жағдайы тексеріліп, орындар саны жеткіліктілігі анықталды. Сонымен қатар санитарлық қызмет сапасын тексеріп, қауіпсіздік шараларының алдын – алуы мұқият қаралды.

Жатақханада санитарлық қызмет сапасы мен қауіпсіздік шаралары талапқа сай екендігін анықтадық. Студенттердің қолайлы тұрмысына барлық жағдайлар жасалған.