Зайсан қаласындағы қар тазалау жұмыстарына мониторинг

Зайсан қаласындағы қар тазалау жұмыстарына мониторинг

«Зайсан – Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі және Зайсан қаласы әкімінің орынбасары Зайсан қаласындағы қар тазалау жұмыстарына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Зайсан қаласындағы қар тазалау және шығару жұмыстарына  ЖК «Игібаева Сабила» жауапты. Қала ішінде қар тазалауға 1 автогрейдер, 1 Беларусь МТЗ-82.5, 1 Беларусь МТЗ-12.21, 2 КАМаз, 1 тиегіш, 1 аралас КАМаз  (құм себуге арналған) техникалары жұмыс жасайды. Қала көшелері мен жолдары  қатқақ қардан тазартылып, тайғаққа қарсы құм төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. жаяу жүргіншілер жүретін жолдар тазалануда.

Қар тазалануы қиын жерлерді тазартуға  4 жұмысшы жұмылдырылады. 2022 жыл көлемінде қар тазалау жұмыстарына 2,5 млн теңге бөлінді.

Мониторинг барысында қаланың барлық көшелері тазаланбағаны анықталып, жауапты мекемелерге қар тазалау жұмыстары толық жүргізілуі тапсырылды.