Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторинг

Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасына мониторинг

«Зайсан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі Зайсан қаласындағы көтерме саула орындарын және сауда үйлеріне барып, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағаларына, өнімдер қорының жеткілікті болуына қоғамдық бақылау жүргізді.

«Зайсан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі және Ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімімен  әлеуметтік маңызы бар өнімдердің шектік бағадан асып кетпеуіне үнемі қоғамдық бақылау жүргізіледі.

Мониторинг барысында әлеуметтік маңызы бар өнімдердің шектік бағадан асырмау бойынша түсіндірме жұмыстар жүргізілді.