Зайсан ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Зайсан ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды

Зайсан ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Зайсан ауданының қоғамдық кеңесін қалыптастыру бойынша конкурс жариялайды

Хабарландыру

 Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы "Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы" №1194 қаулысына сәйкес жұмыс тобы қоғамдық кеңестерді мемлекеттік ұйымдардың өкілдері, конкурстық негізде – коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері, азаматтар қатарынан қалыптастырады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлануы мүмкін.

Зайсан аудандық қоғамдық кеңесінің сапалық құрамы 11 адамнан тұратын жұмыс тобымен анықталды. Қоғамдық кеңестегі азаматтық қоғам өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісін құрауға тиіс.

Қазақстан Республикасы "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңының 10-бабының 1-тармағы негізінде Зайсан ауданының Қоғамдық кеңесінің құрамына кандидаттарға мынадай талаптар қойылады:

  1. Зайсан ауданының шегінде тұратын, он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының, азаматы кандидат бола алады.

Үміткер:

1) соттылығы болмауы тиіс;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға тиіс;

3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа және уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы Коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші ұсынылады;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады;

Қоғамдық Кеңеске сайлау үшін жоғарыдағы талаптарға сай келмейтін кандидаттар конкурсқа жіберілмейді.

Жұмыс тобы ұсыныстарды жазбаша түрде 2022 жылғы 13 қаңтардан 26 қаңтарға дейінгі мерзімде, күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін, сағат 13:00-14:30 үзіліспен, сенбі және жексенбі күндерін қоспағанда, Зайсан қаласы, Жангелдин көшесі, 54 үй, 2-қабат, Зайсан аудандық мәслихаты мекенжайы бойынша немесе maslihatzaysan1@mail,ru  электрондық поштасы арқылы қабылдайды.

Зайсан ауданының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы