Будьте осторожны при использовании синего топлива!

Будьте осторожны при использовании синего топлива!

Зайсан қаласы және Зайсан ауданы бойынша ауылдардың тұрғындарына дейін баллонға сығымдалған пропан, бутан газдарын ас әзірлеуге, үй жылытуға пайдаланады. Көгілдір отын адамдарға қолдану жағынан өте ыңғайлы – тез тұтанады, таза, ыдыстарға күйе жұқпайды, түтінге қақалмайсыз. Былай алып қарағанда газдың отын ретінде пайдасы теңдессіз, бірақ адамдар оның қатерлі жақтарын көбінесе қаперге ала бермейді. Газға ұқыппен қарамай, сәл ғана қателік кетсе, дос болып жүрген пропаныңыз нағыз қатерлі жауыңызға айналып, үйіңізге үлкен апаттар әкелуі мүмкін.

Газ жарылысының салдарынан қайғылы оқиғалар елімізде жиі болып тұрады. Бір адамның ұқыпсыздығынан, қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан көрші тұратын бірнеше жанұя қайғылы жағдайға тап болып, зардап шегеді. Қарапайым ғана ережелерді еске ұстамаған жандар орны толмас өкінішке ұрынып жатады.

Қазіргі кезде газ баллондары барлық жерде қолданылады. Газ баллондары алыстағы ауылдарға да таратылады, табиғат аясына демалуға шығатындар өздерімен алып жүреді. Сондықтан оның пайдасымен бірге қаншалықты  қауіпті екендігін білген жөн. Адамдар шоғырланған жерде газ баллоны атылса, кішігірім бомбаның  жарылғанымен бірдей болады, көп шығын әкеледі. Баллондағы газды қолданып бизнес жасайтындар өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін қаншама сақтайды дегенмен, газ сығымдалған баллондардың ақауы болуы мүмкін, күннің көзінде тұрып қызуы мүмкін. Осындай ұсақ-түйек, адам ескере бермейтін нәрселерден қайғыға душар ететін оқыс оқиғалар туады.. Сондықтан  көпшілік жүретін жерлердегі асханаларда газ баллондары адам өміріне қауіпті деп саналады және адамдар шоғырланған жерде газ баллон қолдануға тиым салынады.

Газды қолданғанда нені істеуге болмайды:

  • Газ баллондарын, жабдықтарын өзіңіз жөндемеңіз;
  • Газ жүретін құбырларға кір жаятын жіп кермеңіз;
  • Газ жүретін құбырға темір құралдармен соқтықпаңыз, ұшқын шығып атылуы мүмкін;
  • Газ тетіктерін ашып, жабатын құралдарды  қараусыз қалдырмаңыз, әсіресе балалардың қолына тимесін.

Егер газдың иісі қатты шыққанын сезсеңіз:

  • Кранды жабыңыз
  • Бөлмені желдетіп, газдан тазартыңыз
  • 104 телефоны арқылы  құтқару қызметін шақырыңыз. Газ толған бөлмедегі телефонды қолданбаңыз, болмашы ұшқыннан өрт шығу қаупі бар.

 

Есіңізде ұстаңыз!

От тұтатуға, ешқандай электр құралдарын қосуға немесе өшіруге болмайды!Газдың шығып жатқан жерін сабынның көбігі арқылы анықтауға болады.


Зайсан ауданының ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау капитаны Ж.Е.Дамбулов