Зайсан технологиялық колледжінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» кездесу өтті

Зайсан технологиялық колледжінде «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз» кездесу өтті

«Зайсан-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесі ағымдағы жылдың 25 қарашасында Зайсан технологиялық колледжінің 1 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жалпы сыбайлас жемқорлық, сыбайлас жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділік қалыптастыру мақсатында пікірталас ұйымдастырылды.
«Зайсан-Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің атқаратын жұмыстарымен таныстырып өтті. Сондай-ақ, қоғамда сыбайлас жемқорлықпен күрес әр адамның өзінен басталатыны аталып айтты.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты әлеуметтік видеороликтер көрсетіліп, талқыланды.
Кездесу соңында, студенттерге Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы 1424 «Сенім телефонына» хабарлай алатыны жеткізілді.