Ауылдық округтердегі амбулаторияның жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізу

Ауылдық округтердегі амбулаторияның жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізу

«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қараша айының жобалық тапсырмасына сәйкес, «Зайсан - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Қарабұлақ ауылдық округінің дәрігерлік амбулатория жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізіп қайтты.
Дәрігерлік амбулаторияның қабылдау уақыты – 8:00-12:00 және 14:00-17:00 дейін. Амбулаторияда 1 дәрігер, 4 медбике жұмыс істейді. 1 қабылдау кабинеті, акушерлік кабинет, екпе салу кабинеті және жеке ем-шара кабинеті, «Ана мен бала» бөлмесі бар. Сүйемелдеу сатысында дәрі қабылдау кабинетінде қазіргі уақытта 2 адам ем-шара қабылдап жүр.
Күндізгі емдеу бөлімінде ерлерге және әйелдерге арналған бөлмелер бар. Жалпы 4 төсек орналасқан. Айына шамамен 7 адам күндізгі емдеу бөлімінде ем-шара қабылдайды. Дәрігерлік амбулаторияда күніне 30-ға жуық адамға қабылдау жүргізіледі.
Ауылдық округте вакциналау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қоғамдық бақылау жұмыстарында жүргізу барысында дәрігерлік амбулаторияның қызмет көрсету сапасын бағалау мақсатында, қабылдауға келген ауыл тұрғындарымен сұхбат жүргізілді.