Ауылдық округтердегі амбулаторияның жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізу

Ауылдық округтердегі амбулаторияның жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізу

«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қараша айының жобалық тапсырмасына сәйкес, «Зайсан - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі Кеңсай ауылдық округінің дәрігерлік амбулатория жұмыстарына қоғамдық бақылау жүргізіп қайтты.
Дәрігерлік амбулаторияның қабылдау уақыты – 8:00-12:00 және 14:00-17:00 дейін. Амбулаторияда 1 дәрігер, 8 медбике жұмыс істейді. 1 қабылдау кабинеті, акушерлік кабинет, екпе салу кабинеті, екпеден кейін бақылау кабинеті және жеке ем-шара кабинеті, «Ана мен бала» бөлмесі, сүзгі бар.
Күндізгі емдеу бөлімінде ерлерге және әйелдерге арналған бөлмелер бар. Жалпы 4 төсек орналасқан. Айына шамамен 10 адам күндізгі емдеу бөлімінде ем-шара қабылдайды. Дәрігерлік амбулаторияда күніне 15 адамға қабылдау жүргізіледі.
Жүре алмайтын, ауыр халдегі науқастарға медбике үйлеріне барып ем-шара жасайды.
Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, шақыру батырмасы жұмыс жасап тұр.
Ауылдық округте вакциналау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Дәрігерлік амбулаторияның қызмет көрсету сапасын бағалау мақсатында, қабылдауға келген ауыл тұрғындарымен сұхбат жүргізілді.