Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау қорытындысы бойынша фермерлермен кеңес ұйымдастыру

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау қорытындысы бойынша фермерлермен кеңес ұйымдастыру

Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қазан айының жобалық тапсырмасына сәйкес, Аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі «Зайсан - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісі мен ішкі саясат бөлімінің басшысы, ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау қорытындысы бойынша шаруа қожалықтарымен кеңес ұйымдастырды.

Жоғарыда аталып өткен бөлім мамандары 8 ауылдық округте болып, ауыл тұрғындарымен кездесіп қайтты.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындармен пікір алмасу жүргізіліп, қазіргі уақытқа дейін нәтижелерімен бөлісті. Биылғы жылы ауданда егіс көлемі 19548,5 гектарға егілген. Атап айтсақ, 4127 гектар жерге бидай, 974 гектар жерге арпа, 40 гектар жерге сұлы, 1090 гектар жерге тары, 100 гектар жерге дәндік жүгері, 1100 гектар жерге күнбағыс, 270 гектар жерге соя, 9140,5 гектар жерге көпжылдық шөп, 1449,8 гектар жерге картоп, 986,6 гектар жерге көкөніс, 270,6 гектар жерге бақша дақылдары егілді. Егін 100% орындалды. Жоспарланған 215 мың тонна мал азығы толығымен дайындалды.

Келер жылдың көктемгі егіс жұмыстарына 7 мың гектар сүдігер (зябь) жырту жоспарланған. Бүгінгі күнде 1500 гектар сүдігер жыртылды: Сартерек ауылдық округінде 800 гектар, Қаратал ауылдық округінде 500 гектар, Зайсан қала округінде 200 гектар.

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер шаруашылықты дамытуға өздерінің ұсыныстарын жеткізді.