«БЖЗҚ» АҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалы өз зейнетақы шотынан үзінді көшірме алу – БЖЗҚ салымшылар мен алушыларының заңды түрде бекітілген құқығы екендігін хабарлайды. Бүгінде әрбір адам өз жинақтары туралы ақпаратты келесі тәсілдер арқылы біле алады:
- БЖЗҚ-ға ұсынылған электрондық пошта мекенжайы арқылы. Салымшы (алушы) зейнетақы шотынан үзінді көшірмені электрондық пошта арқылы таңдаған кестеге сәйкес алады: ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет немесе жыл сайын;
- электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе логин мен парольді қолдану арқылы БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы жеке кабинеті мен ұялы қосымшасы арқылы;
- электрондық үкімет порталындағы жеке кабинет арқылы немесе mGov мобильді азаматтар базасында тіркелген салымшының (алушының) ұялы телефон нөміріне келетін бір реттік sms-парольді қолдану арқылы;
Ақпаратты алу тәсілін таңдау үшін жеке басты куәландыратын құжатпен БЗЖҚ кеңсесіне келу керек. Немесе электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болса БЖЗҚ-ның enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте және ұялы қосымшасында хабарлау тәсілін өз бетімен таңдай алады немесе өзгерте алады.
Зейнетақы қызметтері бойынша сұрақтар туындаған жағдайда:
- Өскемен қ., Победа даңғ., 3/2, телефон 8 (7232) 61-50-20, 61-50-21, 61-50-22;
- Шемонаиха қ-сы, Чкалов к-сі, 27;
- Риддер қ-сы, Независимости к-сі, 11/1;
- Алтай қ-сы, Стахановская к-сі, 21/1;
- Зайсан қ-сы, Касейнов к-сі, 40;
- Глубокое кенті, Пирогов к-сі, 30;
-Үлкен Нарын а., Абая к-сі, 2 «А»;
-Күршім а., Момышұлы к-сі, 22;
- Көкпекты а., Аблайхан к-сі, 19;
- Ақсуат а., Көбеков к-сі, 19;
- Қасым Қайсенов кенті, З.Ахметов к-сі, 12 хабарласуды сұраймыз.