Жергілікті әкімдіктің қысқы мерзімге дайындық жұмыстарына бақылау                         

Жергілікті әкімдіктің қысқы мерзімге дайындық жұмыстарына бақылау                           

Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қазан айының жобалық тапсырмасына сәйкес, Аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі «Зайсан - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісі мен  ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің маманымен қысқы мерзімге дайындық жұмыстарына бақылау жүргізді.

Зайсан ауданы бойынша 2021-2022 жылғы жылу беру маусымына аудан тұрғындарына 11095 тонна көмір қажет. Бүгінгі күнге халыққа қажетті көмір аудан тұрғындарына тасымалдануда.

ЗДП «Кварц» ЖШС берген мәліметі бойынша Аққойын көмір кен орнында 1500 тонна көмір қоры бар. Көмірдің бетін ашу жұмыстары жалғасуда. Аққойын көмір кен орнында 3 эксковатор, 1 ЭКГ, 5 (КАМАЗ) жүк көлігі, 3 (ХОВА) жүк көлігі, 2 БЕЛАЗ және 4 погрузчик техникалары жұмыс істеуде. Жалпы Аққойын көмір кен орнында күніне 100-120 тонна көмір төменгі карьерге тасылуда.

Зайсан ауданы бойынша жылыту маусымы Зайсан ауданы әкімдігінің 2021 жылдың 27 қыркүйек күнгі №1-201 өкімі негізінде 28 қыркүйек күні басталды.

Зайсан ауданы бойынша 211 шақырым жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары бар. Аталған жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына 2021 жылғы аудандық бюджеттен 25000,0 мың теңге қарастырылған.

Қазіргі уақытта «Зайсан ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ тарапынан жергілікті маңыздағы автомобиль ждолдарын күтіп ұстау қызметтері бойынша ойнатылған ашық конкурс нәтижелеріне сәйкес жеңімпаз аталған мекемелермен келісім шарттар жасалды. Қысқы күтіп ұстау жұмыстары бойынша «Востоксервис УКА» ЖШС, «ПрофиПартнер» ЖШС, «Зайсан-Тазалық» ЖШС жауапты.