Әлеуметтік санатқа жататын оқушыларды қамсыздандыру жұмыстарына мониторинг жүргізу

Әлеуметтік санатқа жататын оқушыларды қамсыздандыру жұмыстарына мониторинг жүргізу

«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қазан айының жобалық тапсырмасына сәйкес, Аудан әкімінің штаттан тыс кеңесшісі «Зайсан - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі жетекшісі әлеуметтік санатқа жататын оқушыларды қамсыздандыру жұмыстарына мониторинг жүргізді.
Зайсан ауданы бойынша 27 мектеп жұмыс жасайды. Азқамтылған және көпбалалы отбасыларындағы балалар саны – 1389. Көпбалалы отбасынан шыққан бала саны – 1418.
«Мектепке жол – 2021» бағдарламасы аясында Зайсан ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен кеңсе тауарларымен – 98, аяқ-киіммен – 1265, киіммен – 48, оқу формасымен – 1597, азық-түлікпен – 48 бала қамтылды.
Зайсан ауданы бойынша инклюзивті оқытудағы балалардың жалпы саны – 24. Инклюзивті оқытудағы 2 бала компьютермен қамтамасыз етілді, 1бала Интернетке қосылыммен қамтамасыз етілді.
Мониторинг барысында «Зайсан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Г. Маратова М. Дауленов атындағы мектеп-интернатында болды. Мектепте әлеуметтік санатқа жататын 220 бала 2 ауысымда мектеп асханасында тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. 7 бала мектеп асханасын жалға алып отырған ЖК «Бакирова Зульфия» есебінен тамақтанады.
Әлеуметтік санатқа жататын оқушыларды қамтамасыз ету жұмыстары толығымен жүргізілді.