ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысымен кездесу

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша департаменті басшысымен кездесу

Семинар аясында жобалық кеңсе жетекшілері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ж. Байділдинмен кездесті.
Кездесу барысында Жігер Байділдин өңірдегі «Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің жетекшілерімен кері байланыс орната отырып, сұрақ-жауап алмасты. Сондай-ақ, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру мен парасаттылық құндылықтарын ілгерілетуге қосқан үлесі үшін бірқатар жетекшілерді алғыс хатпен марапаттады.