Ағымдағы айдың 25 күні «Аdaldyq alany» жобалық кеңсесінің мамыр айындағы жобалық тапсырмасын іске асыру шеңберінде «Зайсан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Исламова Зайсан ауданының ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінде мемлекеттік сатып алу саласында жұмыс істейтін қызметкердің жұмысына мониторинг жүргізді.
Мониоринг барысында:
2 пәтерлі 30 үйдің 44 үйінің конкурсы өтті. 16 үйдің конкурсы қайта өткізілуде, 14 маусымда бітеді деп жоспарлануда. Бір үйдің, яғни 1 пәтердің құны – 14 млн теңге. Қазіргі таңда 44 үйдің келісім-шарттары жасалуда.
Зайсан қаласының Кондюрин көшесіндегі 60 пәтерлі 2 тұрғын үйді ағымдағы жөндеу жұмыстарына 4,5 млн теңге қаржы бөлінді.
Зайсан ауданының жолдарын күтіп ұстау жұмыстарына 10 млн теңге ашық конкурс жарияланды, 16 маусымда аяқталады.
Әуежай ұшып-қону аумағын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 1296,0 мың теңге, ұшып-қону аумағының сызба жұмыстарына – 1238,0 мың теңге, құстарды үркіткіш аспаптарына – 800 мың теңге, әуежай маңында құстар бойынша қорытынды жасауға - 750 мың теңге қаржы бөлінген.
Азаматтардың жекеленген санаттарын қаланың қоғамдық көліктерімен тегін жол жүру әлеуметтік қолдау қызметі үшін облыстық бюджеттен – 23 млн 400 мың теңге, Зайсан қаласы кестесі бойынша жолаушыларды қала ішінде тасымалдау қызметі үшін жергілікті бюджеттен – 4 млн теңге, Зайсан ауданы кестесі бойынша қала сыртындағы тасымалдау қызметі үшін жергілікті бюджеттен – 15 млн теңге ақша бөлінді.
Бағдаршамдардың қызметіне, жөндеу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 1 млн 250 мың теңге қаржы бөлінді.
Аудан бойынша абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары қорытындысы бойынша марапаттауды ұйымдастыру үшін 4,5 млн теңге қаржы бөлінді. Бұл марапаттау жыл сайын ұйымдастырылады.
Мемлекеттік сатып алу жұмыстары арнайы конкурстық комиссия құру арқылы жүзеге асады. Конкурстық комиссия мердігерлерден түскен өтінімдерді қарап, тиісінше заңға сәйкес жұмыстар атқарады.
Мониторинг барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ!