ZOOM платформасы арқылы онлайн-кездесу

ZOOM платформасы арқылы онлайн-кездесу

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті превенция және парасаттылық басқармасының маманы Ж. Кусаинова мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы М. Бахыт жобалық жоспардың орындалу барысын түсіндіру мақсатында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қалалар мен аудандардағы «Адалдық алаңы» жетекшілерімен ZOOM платформасы арқылы онлайн-кездесу өткізді.
Кездесу барысында «Шығыс - Адалдық алаңы» жобасының аймақтарда жүзеге асу барысы қаралды. Сонымен қатар, өткен айлардағы атқарылған жұмыстар бойынша баға беріліп, маусым айында атқарылатын іс-шаралар жоспары талқыланды.
«Адалдық алаңы» жобалық кеңселерінің басшылары жобаны өңірлерде одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарымен бөлісіп, сұрақ-жауап алмасты.
Мемлекеттік органдардың ашықтығына және қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында қалалар мен аудандарда орналасқан жергілікті атқарушы органдардың «Оpen space» (ашық үлгідегі кеңсе) форматына көшу және Фронт-офисті ашуды жоспарлау және оның мерзімдерін талқылау бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.
Кездесу соңында жобалық кеңсес басшысы М. Бахыт аймақтардағы «Адалдық алаңы» жетекшілерінің жұмыстарына сәттілік тілей отырып, бірлесіп жобаны сәтті жүзеге асыруға шақырды.