Пандемиямен тиімді әрі дұрыс күресудің жалғыз жолы - жаппай вакцинация

Пандемиямен тиімді әрі дұрыс күресудің жалғыз жолы - жаппай вакцинация

Пандемиямен тиімді әрі дұрыс күресудің жалғыз жолы - жаппай вакцинация. Оған шешек, полиомиелит, вирустық гепатит, қызылша, қызамық, эпидпаротитке қарсы жасалған вакциналардың нәтижесі дәлел бола алады.

❖ 80 жылдары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы аса қауіпті инфекцияға жататын табиғи шешектің толық эрадикациясын (жойылуы) жариялады. Жер шары тұрғындарын жаппай вакцинациялау ауруды таралуын тоқтатып ғана қоймады, сонымен қатар табиғи шешек вирусының жойылуына ықпал етті. Халықтың 98,5% екпемен қамтудың арқасында Қазақстан посткеңестік елдердің ішінде алғашқылардың бірі болып індеттен арылды.

❖ Жаппай және уақтылы вакцинацияның арқасында қазір Қазақстанға полиомиелиттен қауіп төніп тұрған жоқ. Сондай-ақ, әлем елдерінде жүріп жатқан коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация дүние жүзін COVID-19 пандемиясынан босатады.

❖ Әлемге коронавирус қоздырғышы неге тез тарады? Бұл сұраққа бір жақты жауап жоқ. Кез келген патогендік микроорганизм, оның ішінде вирус өте жылдам жұғады. Сондықтан, жаппай вакцинация - жалғыз дұрыс тактика. Тек «ұжымдық иммунитет» КВИ пандемиясын тоқтата алады.

❖ Кейбіреулер адамдарды вакцинациямен қорқытып, халыққа қарсы және зиянды әрекет етуде. Егер біз жаппай вакцинация жасамасақ, жоғарыда аталған инфекциялар жер шарында әлі де өршіп жүрер еді.