ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды COVID-19-ға қарсы иммундауға шақырады.

Кеше, 28 сәуірде Қазақстанда 100 мың адам егілді. Медициналық ұйымдардың қоймаларында 1,2 миллионнан астам вакцина бар.

Халықты жаппай иммундау үшін еліміздің барлық емханалары мен ірі сауда орталықтарында 1400 вакцинация пункті ашылды, оның ішінде 300 жылжымалы пункт. 11 мыңнан астам медицина қызметкері вакцинация жүргізуге тартылды.

Қазақстанда қолданылатын вакциналар қауіпсіздік пен тиімділікке тексеруден өтті, сондықтан олар коронавирустық инфекцияны жұқтыруға қарсы дәлелденген құрал болып табылады.

Бүгінгі таңда вакцинация - шектеу шараларына және әлемдегі жалғасып жатқан пандемиямен күресудің жалғыз баламасы екенін есте ұстаған жөн.