Зайсан ауданының білім беретін 27 мектепте «Адалдық дүкендері» жұмыс жасауда. Жобаның мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары сананы мен мәдениетті дамыту, қандай істе де адал болу, адамдардың бір-біріне деген сенімділіктерін арттыру, сонымен қатар ішкі парасаттылықты, адалдықты тәрбиелеу және бір-бірімізге деген сенімді қалыптастыру «Адалдық дүкенінің" өзгешелігі сол, мұнда еш дүкенші болмайды. Әрбір адам өзіне қажетті затын алып, оның ақшасын арнаулы жәшікке салып кетеді. Бұл адам бойында тазалық, адалдық, жауапкершілік қасиеттерін көбірек сіңіруге себеп болмақ.