«Улы газдан уланудың алдын алу» және «Өрт қауіпсіздігі»

«Улы газдан уланудың алдын алу» және «Өрт қауіпсіздігі»

2021 жылы 12 сәуір күні Зайсан ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері, «Улы газдан уланудың алдын алу» және «Өрт қауіпсіздігі» бойынша кезекті рейдтік іс-шаралар жүргізді.
Зайсан ауданының тұрғындары білу керек, тұрғын орын жайлардағы энергиясы көп тұрмыс құралдары мен жабдықтау, қабырғалар мен едендерді жанатын материалдармен өңдеу нәтижесінде тұрғын үйлердің өрт қауіпті үдей түсетіні анық.
Жанып жатқан пеш, қосулы тұрғын электр жылытқышы, газ плитасында ұмытылып қалған тамақ- өрттің шығуына бірден бір себепкер.
Мас күйінде өрт қауіпсіздік шараларын сақтамау, қолдан жасалған электр жылытқыштарын пайдалану.
Осының бәрін ескере отырып Айнабұлақ ауылында Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің  қызметкерлері, «Улы газдан уланудың алдын алу» және «Өрт қауіпсіздігі»  тақрыптарында тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Күнделікті тұрмыстағы ескере бермейтін жайларға мұқият болуды ұсынып үгіт-насихат жаднамаларын таратты.

Зайсан ауданық
Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығының міндетін атқарушы
азаматтық қорғау майоры М.Б.Омаров