Қазақстандық ғалымдардың аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналық препараттарды әзірлеу бойынша үлкен тәжірибесі мен әлеуеті бар

Қазақстандық ғалымдардың аса қауіпті ауруларға қарсы вакциналық препараттарды әзірлеу бойынша үлкен тәжірибесі мен әлеуеті бар

🔬 60 жылдан астам тарихы бар ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты биологиялық қауіпсіздік, биотехнология, вирусология, микробиология, иммунология саласында үлкен жұмыс тәжірибесін жинақталған. Институт ғалымдары 60-тан астам препараттарды, оның ішінде 30 вакцинаны, 16 тест-жүйені және 15-тен астам түрлі биопрепараттарды әзірлеген.

🔬 Соңғы 10 жылда институт аса қауіпті инфекциялар бойынша отандық вакциналарды дайындау технологияларын дайындаған.

✅ Қазақстан денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді құс тұмауына қарсы вакцинаны әзірлеген және ДДСҰ зертханасында клиникалық сынақтан өткізген 7-ші мемлекет болды.

✅ Институт ғалымдары денсаулық сақтау саласы үшін жоғары патогенді шошқа тұмауыны қарсы вакцинаны әзірлеген алғашқы мемлекеттердің бірі болды.

✅ Құс тұмауына қарсы вакцинаның арқасында еліміздің ауыл шаруашылық саласы 2006 жылы құстың 95%-ын сақтап қалды.

✅ 2019 жылы бруцеллезге қарсы жаңа векторлық вакцина әзірленді. Ол қауіпсіздік және иммунобиологиялық қасиеттері бойынша бруцеллезге қарсы өзге вакциналардан едәуір артық болып саналады.

✅ 2020 жылы БҚПҒЗИ ғалымдары 2,5 ай ішінде түйе шешегіне қарсы вакцина әзірледі.

✅ 2020 жылдың мамыр айында институт коронавирустық инфекцияға қарсы отандық QazCovid-in вакцинасын әзірледі. Қазір вакцина клиникалық сынақтардың соңғы III кезеңінен өтіп жатыр.

@edu_news_qz