Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан филиалы келесі лауазымға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан филиалы келесі лауазымға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Шығыс Қазақстан филиалы келесі лауазымға конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шығыс Қазақстан филиалының (бұдан былай – Филиал) Зайсан өндірістік учаскесінің Кендірлік су торабының бастығы.

Зайсан өндірістік учаскесінің гидроторап бастығы лауазымына қойылатын функционалдық міндеттер:

Сумен жабдықтау жоспарына сәйкес гидроторап құрылымдары арқылы суды босатуды және оны каналдарға беруді ұйымдастыру. 

Учаске құрылыстарын қадағалау мен тексерулерге тікелей қатысу және басқару. 

Пайдалану құрылыстарын жөндеу немесе олардың жұмысын жақсарту қажеттілігін анықтау мақсатында құрылыстардың жай-күйін мезгіл-мезгіл тексеруге арналған комиссияларға қатысу.

Жөндеу және реттеу жұмыстарын басқару: жөндеу-баптау жұмыстарына ақаулы актілерді және құрылымдардың жағдайын тексеру актілерін дайындау.

Учаскедегі өндірістік зерттеулерді, өлшемдерді және техникалық құжаттаманы жүргізуді басқару.

Гидроторап қызметкерлері арасындағы тапсырмаларды бөлу және олардың орындалуын бақылау.

Пайдалану учаскесінің объектілерін қорғауды ұйымдастыру.

Учаске жұмысшыларының өндірістік біліктілігін арттыру. Учаскенің қалыпты жұмысын ұйымдастыру үшін гидроторап бастығыГидротораптардыпайдалану ережелерін басшылыққа алуы керек.Гидроторап бастығы жинақталған материалды пайдалануға талдауға және гидротораптың жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысуға міндетті.

Табиғатты қорғау заңнаманың талаптарын сақтау.

Гидротораптың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету.

Филиал мен басқа қызметкерлердің мүлкіне мұқият күтім жасауға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, филиал мүлкінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдай туралы дереу басшысына хабарлауға міндетті.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын біліктілік талаптар: жоғары техникалық немесе орта арнайы білімі бар және осы салада кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар тұлға.

 

Конкурс Қазақстан Республикасы Экология, гелогия және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитеті «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының2020 жылғы 27 қарашадағы №Ө-588 бұйрығымен бекітілген «Қазсушар» РМК кадрларын іріктеу және жалдау ережелері негізінде өткізіледі.

          Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар осы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжай бойынша ұсынылуы керек: Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 99/1, анықтамалар үшін телефон № 8/7232/527252, түйіндеме voda_2004@mail.ru электронды поштаға жіберу тиіс.