Полиция қызметкерлерінің видеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізілді

Полиция қызметкерлерінің видеожетондарды пайдалануына мониторинг жүргізілді

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және жою, олардың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында «Зайсан - Адалдық Алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Исламова, Жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Сырымұлы және Зайсан  АІІБ-нің қызметкерлерімен видеожетондарды қолдануына қоғамдық мониторинг жүргізді.

Полиция қызметкерлерімен бірге Зайсан қаласының орталық көшелерінде жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері бойынша рейдтер жүргізілді. Анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша әкімшілік хаттамалар жасалды.

Мониторинг барысында жобалық кеңсенің басшысы бейнеожетондардың жұмыс істеуіне, олардың дұрыс пайдаланылуына назар аударды. Видеожетондарды пайдалану бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.