Газ. Баллон. Жарылыс. Бұл «тілсізжау» талайлардың отбасын ойрандады-ау. Шаңырағын шайқалтты. Айдың-күннің аманында адам өмірін қиды. Естеріңізде болса, осыдан бірер жыл бұрын Белкөл кентіндегі үйлердің бірінде газ баллоны жарылып, отанбасы сол жерде жантапсырды. Бұл – бір ғана дерек. Оқыс оқиғаларды тізбектей беру негізгі мақсат емес. Басты мақсат – газ баллондарынан келетін қауіптің алдын-алу.
Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 60 пайызынан астамы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Ал қалған 40 пайызғ ажуығы әлі күнге дейін тасымалды баллон пайдаланып әлек.Бұл көрсеткішке жаңадан пайдалануға беріліп жатқан жеке тұрғын үйлерді қосса, көлемі әлде қайда арта түсері анық.
Күнделікті өртке қарсы қызметінің «101» және құтқару қызметінің «112» телефондарына облыс тұрғындарынан: газ баллонының құтысынан немес етүтігінен газ иісінің шығуы, тұтынушылардың газдан улануы сияқты көптеген қоңыраулар түсуде. Қоңырауды өңдеу барысында тұрғындар тұрмыстық газ баллондарын автогаз құю станцияларынан сатып алғаны немесе сұйытылған газ құйғызғандығы анықталады.
Газдың «104» авариялық қызметі бұл тұтынушылар тікелей абоненті болмағандықтан, оларға қызмет көрсетпейді.
Тұрмыстық газ баллондарына рұқсаты бар газ толтыру бекеттері мен станцияларында газ құюға, газ толтыруға болады. Газ желісі ұйымдары мен газ толтыру пункттері өзкезегінде:
Тұрмыстық баллондардағы сұйытылған мұнай газын сатып алатын тұтынушыларды абоненттік есепке алуды жүзеге асыруға;
Толтырылатын тұрмыстық баллондарды техникалық жарамдылық тұрғысынан тексеруге;
газ желісі ұйымының немесе газ толтыру пункті иесінің тұрмыстық баллондарды тауарлық белгісімен таңбалауды жүзеге асыруға;
тұтынушыларға сатылатын әрбір тұрмыстық баллонның сапасына кепілдік талонын беруге;
газ баллондары қондырғыларына авариялық және жоспарлы қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті.
Алайдатұтынушылар өздерінің тұрмыстық газ баллондарына сұйытылған газын автогазқұю станцияларынан құйып қана қоймай, құйылған газдың көлемін нормасынан асыруды сұрайды.
Айта кету керек, тұрғындардың жеке басы мен жақындарының қауіпсіздігін сақтаудағы мәдениет деңгейінің төмендегені байқалады.
Осы жағдайлар салдарынан тұтынушылар газдың иісінен улану мен қатар, жарылыс жағдайлары да туындап, адам өліміне әкеліп соқтыруда.
Зайсан ауданының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау майоры Р.Баймурзин