Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатыда барлық білім беру мекемелерінде «Сенім жәшігі» қойылған болатын. Негізгі мақсаты - оқушылардың, ата-аналардың өтініштерін жедел қабылдауды, есепке алуды және қарауды қамтамасыз ету,сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қарсы әрекет ету.
Зайсан қаласында «Сенім жәшігі» акциясы өткізілуде. Осыған орай, Зайсан ауданы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, «Зайсан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі А.Исламова, Жастар ресурстық орталығының директоры Ж.Сырымұлы қала бойынша жалпы білім беретін 5 мектепке барды.
Білім беру мекемелерінде әрқайсысында тиісті құжаттары бар: жауапты тұлғаны анықтау жөніндегі бұйрық, «Сенім жәшігін» ашу жөніндегі комиссия бекітілген, журналға тіркеледі. «Сенім жәшігін» ашу хаттамалық түрде актіленеді.
«Сенім жәшіктері» бірінші қабатта көрнекті жерде орналасқан, мекеменің елтаңбалы мөрімен мөрленген.
Заң бұзушылықтар анықталған жоқ.