Пәтерде тіркелгендердің санын қалай білуге болады?

Пәтерде тіркелгендердің санын қалай білуге болады?

Сонымен, егер сіз жылжымайтын  мүліктің иесі болсаңыз және сізде тіркелген азаматтардың санын көргіңіз келсе, мұны екі жолмен жасауға болады:

  1. Egov.kz портал арқылы:

📌 Egov.kzПорталға кіріңіз, ЖСН мен парольді енгізу арқылы немесе ЭЦҚ көмегімен;

📌Жеке кабинетке" «өтіңіз»;

📌 "Мүлік" бөлімінде "Тіркелген тұлғалардың тізімін көрсету/жасыру" таңдаңыз»;

  1. Telegram бот EgovKzBot2.0 арқылы:

📌 Іздеу бағанында EgovKzBot2.0 теріңіз;

📌 Әрі қарай старт батырмасын басып, "Қызметтерге" көшіңіз;

📌 "Жылжымайтын мүлік" бөлімінде "менің пәтерімде қанша адам тіркелген" қызметін таңдаңыз»;

Егер сіздің меншігіңізде бірнеше пәтер болса-пайда болған тізімнен қажетті мекенжайды таңдаңыз. Ұялы телефонға тексеру коды бар хабарлама келеді, оны енгізу қажет. Нәтиже бірнеше минут ішінде дайын болады.

Назар аударыңыз, қызметті алу үшін Сіз мобильді азаматтар базасында тіркелуіңіз тиіс.