
«Азаматтарғаарналғанүкімет» мемлекеттіккорпорациясы мен ГрузияныңӘділетүйімемлекеттікқызметкөрсетужүйесіндамытуғажәнехалықпенжұмысістеутетіктерінжетілдіругебағытталғанынтымақтастықтуралымеморандумғақолқойды. Құжаттараптардыңтәжірибеалмасып, азаматтардыңзаманауисұраныстарына сай тиімдішешімдердібірлесіпәзірлеугениеттіекенінайқындайды.
Ынтымақтастықтыңнегізгібағыттарыныңқатарындахалыққақызметкөрсетуорталықтарыныңжұмысынұйымдастырудағыүздіктәжірибелерменалмасу, жасанды интеллект технологияларын, роботтандыру мен процестердіавтоматтандыруқұралдарынпайдаланаотырыпцифрлыққызметтердідамытукөзделген. Сондай-аққызметкөрсетусапасыныңзаманауистандарттарыненгізуарқылыклиенттіктәжірибеніжетілдіругеерекшеназараударылатынболады.
«Себебіжаңатехнологиялар мен заманауиүрдістердіуақытындамеңгеруөтемаңызды. Біздің мақсатымыз - тек жақсы тәжірибемен танысу емес, олардың ішіндегі ең тиімдісін таңдап, Қазақстан азаматтарының қажеттіліктеріне бейімдеу. Сонымен қатар бұл - өзара тиімді серіктестік. Бүгінде Қазақстан мемлекеттік қызметтерді цифрландыруда жақсы нәтижелерге қол жеткізген елдердің бірі. Сондықтан біз халықаралық тәжірибені үйреніп қана қоймай, өз жетістіктерімізбен де бөлісуге дайынбыз», - деп атап өтті мемлекеттік корпорация басқарма төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Меморандум кадрлық әлеуетті дамыту бағытындағы ынтымақтастықты да қамтиды. Тараптар бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыруды, қызметкерлердің біліктілігін арттыруды, сондай-ақ тағылымдамалар мен оқыту іс-шараларын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар өзара қызығушылық тудыратын ғылыми-зерттеу және талдамалық жобаларды қолдауға ерекше көңіл бөлінеді.
«Бұл сапар біз үшін ерекше маңызға ие. Себебі ол жылдар бойы жинақталған тәжірибе мен практикалық шешімдермен алмасуға мүмкіндік береді. Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою өзара ықпалдастықтың жаңа кезеңін бастап, жүйелі әріптестіктің негізін қалайды»,- деді Грузияның Әділет үйінің төрағасы Вахтанг Жвания.
Айта кетейік, екі күндік сапар аясында қазақстандық делегация Грузияның Әділет үйінде болып, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысымен, қолданыстағы цифрлық шешімдермен және клиенттер ағынын басқару жүйесімен танысты. Сондай-ақ Грузия Ішкі істер министрлігінің Сервистік агенттігі мен Грузия Әділет оқу орталығында кездесулер өтіп, тараптар алдағы ынтымақтастықтың дамуын талқылады.