Зайсан ауданының кәсіпкерлері мен инвесторлары!

Зайсан ауданының кәсіпкерлері мен инвесторлары!

Сіздің құқықтарыңызды қорғау және прокуратура органдарының әрекет ету жеделдігін арттыру мақсатында «Мобильді прокурор: азамат» мобильді қосымшасы іске қосылды.
📱 Қосымша арқылы сіз:
— құқықтарыңыздың бұзылуы туралы жедел түрде өтініш жолдай аласыз
— фото, бейне және өзге де дәлелдемелерді қоса тіркей аласыз
— өтініштің қаралу мәртебесін нақты уақыт режимінде бақылай аласыз
⚖️ Бұл – бизнес пен инвестициялық қызметті қорғауға бағытталған прокуратура органдарымен тікелей байланыс орнатудың ыңғайлы әрі тиімді құралы.
Егер сіз мемлекеттік органдар немесе өзге де ұйымдар тарапынан заңсыз әрекеттерге тап болсаңыз — «Мобильді прокурор» қосымшасын пайдаланыңыз.
📢 Кәсіпкерлер мен инвесторларды өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін осы сервисті белсенді пайдалануға шақырамыз!