2026 жылдың 4 мамырынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) ШҚО бойынша Департаментінің 2026 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және алдын алу» үлгілік базалық бағыттың жүзеге асырылу жобасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлаймыз. Ішкі талдауды қала, ауылдық округ әкімі аппараттары, аудан әкімдігінің барлық дербес бөлімдері, «Зайсан» көп салалы коммуналдық мемлекеттік шаруашылық жүргізу есебіндегі кәсіпорыны жүргізеді.