Жылыту пештерін пайдаланудың ережелері

Жылыту пештерін пайдаланудың ережелері

Улы газбен уланудан адамдардың қаза болуы фактілерінің алдын алу мақсатында Зайсан ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі, және №25 ӨСБ қызметкерлері рейдтік іс-шара өткізді. Негізінде осындай жағдайлар аязды күндер басталғанда, сұйық және қатты отынмен жылыту пештерін жағу кезінде тұрғындардың қарапайым кауіпсіздік ережелерін ұмытуынан орын алып жатады. Сонымен бірге, улы газбен уланудың тағы бір себебі жылыту пештерін пайдаланудың ережелерін сақтамау (пеш жапқышын уақытынан бұрын жабу, пеш ішіне ауаның жеткілікті келмеуі, түтіннің шала тартылуы), пештің және түтіндіктің ақаулығы (пеш құрылысында жарықтардың болуы, түтіндіктің бітелуі).
Зайсан ауданының Төтенше жағдай бөлімі осындай фактілерінің алдын алу үшін аудан тұрғындарын өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.


Зайсан ауданының ӨСБ бастығы
азаматтық қорғау майоры М.Қ.Иманқажы