Жаднама адамдар жаппай болатын объектілерде өрт шыққан жағдайда іс-қимыл жасау туралы

Жаднама адамдар жаппай болатын объектілерде өрт шыққан жағдайда іс-қимыл жасау туралы

- Кез келген үй-жайға кіргенде қосымша және авариялық шығу жолдарына көңіл бөліп, ойша оларға қарай жүріп өтіңіз.
- Ғимараттан шығарда жақын жерде орналасқан эвакуациялық шығу бағытымен қозғалыңыз. Ештеңе іздемей, жинақтамай оттан тезірек қашыңыз.
- Үй-жайдағы зиянды жану өнімдері Сіздің бойыңыз бен одан да жоғары деңгейде жиналу мүмкін, сондықтан шыға беріске төрт аяқтап немесе еңбектеп өтіңіз, өйткені ауа және оттегі төменде көбірек болады.
- Егер түтіннің әсерінен тамағыңыз жыбырлап, көзіңіз жасаураса тыныс алу жолдарын қандай да бір қабатталған мақта матасымен жауып мата арқылы демалыңыз.
- Өрттің шығуы немесе жану (түтіндеу, температураның жоғарылауы, күйік иісі) белгілері туралы «101» немес «112» телефондары арқылы (ұялы телефон арқылы теңгерімнің болмауына қарамастан теріледі), өртке қарсы қызметке хабар беріңіздер.

Өрт кезінде абыржымастан және ақылмен іс-қимыл жасау керек.
Үрей-әрқашан ақылға сай жол табу мүмкіндігін жоғалту дегенді білдіреді.


Зайсан ауданының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау майоры Р.Баймурзин