Тұрғын үйлеріндегі өрт қауіпсіздік ережелері

Тұрғын үйлеріндегі өрт қауіпсіздік ережелері

Құрметті Зайсан ауданының тұрғындары, суық ауа райының басталуымен тұрғын үй секторында өрттің саны артады. Оның себебі, пештердің дұрыс салмауы мен пештердің эксплуатациялау кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамау болып табылады.
Өрт әр үйде болуы мүмкін, бірақ бірінші мезетте өрт қауіпсіздік ережелерінің күнделікті бұзылатын жерде болуы ықтимал. Ондайдың болдырмау жолы, ол өрт қауіпсіздік ережелерінің бірнеше ережесін білу қажет:
Пеш пен мұржаның жағдайын қадағалап, олардың ақаулығын өз мезетте дұрыстау керек. Пешті бензинмен, керосинмен және де әр-түрлі жанғыш сұйықтармен жандырмау.
- Мұржамен жанатын бөлшектердің ара-қашықтығы 500 мм-ге дейін жасау.
- Пештегі және мұржадағы жіктерді жамау.
- Пештің аузындағы еденге 50х70 см темір қаңылтырды қағып тастау.
- Пешті қатты жандырмау және оған диванды, столды, отынды және де тез жанатын заттарды жақын қоймау.
- Өрт талаптарына сәйкес емес пештерді орнатпау.
- Пештен шыққан күлді сумен өшіріп, ғимараттан 15 метр ара-қашықтықта шұңқырға лақтыру.
- Қолдан жасалған электжылытқышарды қолданбау. Үйден шығар кезде бүкіл электршамдармен электжылытқыштарды өшіруді ұмытпаңыз.
- 3 айына 1 рет мұржаны күйеден тазалау керек.
- Мұржа керамикалық,асбестіцементтік немесе темірден жасалу керек.
- Шатырда шөп, сабан және басқа да жанатын заттарды сақтамау.

Өрт кезінде «101» немесе 2-12-01 телефон нөміріне қоңырау шалып, не жанып жатқанын, жанып жатқан мекен-жайды, өз тегіңізді анық айтуыңызды сұраймыз.
ЕСІҢІЗГІ САҚТАҢЫЗ!
Өрт қауіпсіздік ережесін сақтап, Сіз өзіңізді және басқаларды ауыр салдардан сақтайсыз.


Зайсан ауданының ТЖБ аға инженері
азаматтық қорғау капитаны Ж.Дамбулов