
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 13 желтоқсандағы №899 бұйрығымен «2024-2026 жылдарға арналған құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспары» бекітілді. Жоспардың мақсаты – құқықтық ақпаратқа қол жеткізу, ауылдық жерлерде «Құқық кабинетін» ашу.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы М.Бородатов және бас инспектор-заңгері Б.Төлегенұлы Зайсан ауданына арнайы іс-сапармен келіп, қала, ауылдық округтердегі «Құқық кабинеттерін»жарақтандыру,интернет желісіне қосылуы, қолжетімділігінезерделеу жүргізді.
ҚР заңнамасын өз бетінше зерделеу дағдыларын игеруі және ақпараттық жүйелерді пайдалану кезінде тұрғындарға құқықтық көмек көрсету ұсынылды.