Датчиктер улы газбен уланудың қатерін болдырмайды

Датчиктер улы газбен уланудың қатерін болдырмайды

Улы газбен улану, өкінішке орай, қатты отындық немесе газ қазандығын, каминді, газ плитасын, колонкаларды сауатсыз пайдалануды сүйемелдейтін сирек кездесетін жағдай.

Улы заттың таралуы, егер істен шыққан жабдық пайдаланылса да орын алуы мүмкін. Шағын құрылғы-үйге арналған улы газ датчигі иелеріне дер кезінде ескерту жасап, жағымсыз зардаптарды болдырмайды.  Ол ауада зиянды заттардың пайда болуын қалтқысыз белгілейді.

Улы газ көзге көрінбейді, иісі және дәмі жоқ, бірақ өте улы-улану және өлімге әкеледі. Түтін мұржасы қатты ластанған жағдайда, пештер дұрыс орнатылмаған жағдайда тұрғындар түнде ұйықтап жатып уланып, ұйқыдан оянбай кетулері мүмкін.  

Улы газ датчигі улы газ қосындысының жоғарылауы туралы дыбыстық сигналмен хабарлайтын автономды құрылғы ретінде жұмыс істейді. Датчиктің жұмыс сенімділігі мен жоғары сезімталдығы бойынша жоғары көрсеткіштері бар.

- Арнайы білімсіз оңай орнатылады және бапталады.

- Датчикті монтаждау интерьерге зиян келтірмейді

- Ішкі сиренасы бар

- Визуалды бақылау үшін жұмыс режимін индикациялау

- Батареяның төмен заряды туралы хабарлайды

- Тестілеу функциясы бар            

Сондықтан азаматтық қорғау қызметкерлері жылыту үшін пештерді, қазандарды, каминаларды, газ плиталарын және колонкаларды пайдаланатын жеке үйлерде датчиктерді орнатуды ұсынады.  Әрбір үйде улы газ датчигі болуы тиіс-бұл өртті болдырмауға көмектеседі. Құрал адамдардың өмірін құтқара алады!

Бүгінгі күні Зайсан ауданы ТЖБ-нің және №25 ӨСБ-нің қызметкерлері 139 дана улы газ датчиктарын Зайсан ауданы бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылар тұрғын үйлеріне орнатты.

Зайсан ауданы ТЖБ бас маманы азаматтық қорғау майоры М.Омаров