Қан орталықтарының мамандары коронавируспен ауырып, жазылып шыққан адамдарды иммундық плазма тапсыру акциясына қатысуға шақырады.
Мұндай адамдардың қаны коронавируспен ауырған науқастардың өмірін сақтап қалуға және жазылып кетуіне мүмкіндік береді.
Иммундық плазманы құю ауыр жағдайдағы науқастарды емдеуде иммунитетін көрсету мақсатында қолданылуда. Оны жасанды жолмен алу мүмкін емес. Тек "COVID-19" антиденелері бар сауыққан адам ғана плазма доноры бола алады. Бүгінгі таңда донордың иммундық плазмасымен емдеу Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан мақұлданған және коронавирустың инфекциясымен ауырған науқастарды емдеу клиникалық хаттамасымен бекітілген.
Дәрігерлер иммундық плазмамен, өзге де емдеу әдістерімен бірге қолдануға болатындығын айтады.
– Иммундық плазманы құю туралы шешімді науқастың жағдайына байланысты дәрігерлер консилиумы қабылдайды. Плазмада пайдалы заттар өте көп, гармондар, дәрумендер бар. Адам ағзасында кез келген инфекциялық агентты енгізуде адам ағзасында антиденелер қалыптасады. Олар вирустың одан әрі көбеймеуіне жол бермей, онымен күреседі. Вирусқа қарсы тұрады.
– Осы мақсатта аудан бойынша бүгінгі күнге дейін 402 адамның қаны тексеруге жіберілген. Соның 287-сі тексерілді. Нәтижесінде 84 адамның қаны донорға жарамды болып, оның 25-і қан тапсырды. Ал 7 адам тапсыру үстінде. Қалған 52 адам әр түрлі жағдайларға байланысты жарамсыз болып танылды.
Сонымен қатар, 115 адам облыс орталығына тексерілуге жіберілді,-дейді аудандық орталық ауруханасының трансфузиология кабинетінің меңгерушісі Бұрымбетова Сәулеш Заманбекқызы.