«Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ

«Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жыл сайынғы сыйлығы туралы ЕРЕЖЕ
    1. Жастардың ерекше еңбегін ынталандыру және мойындау мақсатында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) Қазақстан Республикасының азаматтарына беріледі. Шығыс Қазақстан облысының аумағында тұратын 14 пен 35 жас аралығындағы қазақстандықтар.
    2. Сыйлық салтанатты түрде табысталады;
    3. Сыйлық жылына бір рет, 5 номинация бойынша беріледі:
    4. Жыл көшбасшысы
    5. II. Жыл волонтері

    III. Еңбек адамы

    1. «Үздік жас Digital»
    2. «Жылдың жастар ұйымы»

    Бір үміткерді екі немесе одан да көп номинациялар бойынша ұсынуға тыйым салынады.

    1. Сыйлыққа үміткерлерді жергілікті мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіптік ұйымдар, жастар және қоғамдық бірлестіктер, өзге де ұйымдар немесе жеке тарап ретінде ұсынады.
    2. Конкурстық құжаттар: презентация, мінездеме, шығармашылық материалдар, талапкердің ерекше сіңірген еңбегін растайтын және тағы да басқа құжаттар ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ге тапсырылады.
    3. Жүлдені Шығыс Қазақстан облысының басшылығы тағайындайды.
    4. Сыйлық өтініш берушіге бір рет беріледі.
    5. Облыс әкімінің сыйлығына үміткерлерді іріктеу критерийлері:
    6. «Жыл көшбасшысы»:

    18 жастан 35 жасқа дейін;

    Үміткер облыстағы жұмыс істейтін жастар ұйымының/ҮЕҰ/студенттік ұйымының жетекшісі немесе мүшесі болуы керек.

    Үміткердің көшбасшылық қасиеттері, білімі, дағдылары болуы керек;

    Ұсынылған үміткер қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, облыстың мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосуы тиіс;

    Үміткер оқу/спорт бойынша үздік/республикалық/халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы болуы тиіс;

    Соңғы 3 жылда Мемлекет басшысының, жергілікті атқарушы органның, партияның, үкіметтік емес ұйымның немесе басқа да ұйымдар мен мекемелердің алғыс хаттары/ грамоталары болуы шарт.

     

     

    1. «Жыл волонтеры»:

    16 жастан 35 жасқа дейін;

    Үміткер аймақта жұмыс істейтін ҮЕҰ/ бастамашыл топ/ еріктілер клубының жетекшісі немесе мүшесі болуы керек.

    Үміткер кемінде 3 жыл волонтерлік қызметпен айналысуы керек;

    Үміткер ағымдағы жылы әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға волонтерлердің қатысуын растайтын материалдарды (фотосуреттерді) және құжаттарды қоса беруі керек;

    Үміткер республикалық, облыстық және қалалық/аудандық іс-шараларға қатысуы, халықтың әлеуметтік осал топтарына әртүрлі көмек көрсетуі керек;

    Үміткер мемлекеттік жастар саясаты аясында белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуі қажет;

    Соңғы 3 жылда Мемлекет басшысының, жергілікті атқарушы органның, партияның, үкіметтік емес ұйымның немесе басқа да ұйымдар мен мекемелердің алғыс хаттары/ грамоталары болуы шарт.

    III. «Еңбек адамы»:

    18 жастан 35 жасқа дейін;

    Үміткер Шығыс Қазақстан облысының кәсіпорындарының/мекемелерінің бірінде қызмет атқаруы тиіс;

             Үміткер алған мамандығы бойынша жұмыс істеуі керек;

             Үміткердің осы салада кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек;

             Үміткер мемлекеттік жастар саясаты аясында белсенді ақпараттық жұмыс жүргізуі керек;

             Үміткер өз қызмет саласында елеулі табысқа ие болуы немесе әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызметке қосқан ерекше үлесі үшін марапаттарға ие болуы тиіс;

             Соңғы 3 жылда Мемлекет басшысының, жергілікті атқарушы органның, партияның, үкіметтік емес ұйымның немесе басқа да ұйымдар мен мекемелердің алғыс хаттары/ грамоталары болуы шарт.

    1. «Үздік жас Digital»

    Цифрлық технологияларды дамытуға, инновацияларды ілгерілетуге және қоғамда цифрлық мәдениетті қалыптастыруға елеулі үлес қосқан белсенді де талантты жастарға тағайындалады.

    Үміткерлерге қойылатын талаптар:

    16 жастан 35 жасқа дейін;

    Цифрлық жобаларды (IT, стартаптар, білім беру, мемлекеттік қызметтер, бизнес немесе креативті индустриялар саласында) сәтті жүзеге асыруы;

    Халық немесе жастар арасында цифрлық сауаттылықты арттыруға қосқан үлесі;

    Инновациялық технологиялар мен заманауи digital-шешімдерді қолдануы;

    Жобаның өңір немесе ел үшін әлеуметтік маңызы мен практикалық пайдасы;

    Жобаны кеңейту мүмкіндігі және оның тұрақты дамуы.

    Креативтілік, көшбасшылық қасиеттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында айқындалған цифрлық трансформация мақсаттарына сәйкестігі ескеріледі.

     

    1. «Жылдың жастар ұйымы» - заңды тұлға мәртебесі бар, облыс аумағында ресми тіркелген, бір жылдан асқан жұмыс тәжірибесі, ұйым штатында кемінде 3 қызметкерінің болуы, ағымдағы жылы облыстық қоғамдық - маңызды                                іс-шараларды өткізуі, табысты іске асырылған әлеуметтік - маңызды жобалары, қол жеткізген әлеуметтік жетістіктері, қала, аудан, облыс, республиканың мақсатты топтарының, серіктестерінің, беделді тұлғалары және ұйымдарының пікірлері мен ұсыныстары, қызметтерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы ескеріледі.
    2. Конкурстық құжаттарды дайындауға қойылатын талаптар:

    Портфолио: жетістіктерді растайтын құжаттардың ұсынысы, сипаттамасы және сканерленген нұсқасы MS Office PowerPoint редакторында презентация форматында басып шығарылуы керек. Шрифт Times New Roman, текст өлшемі                                      14 болуы тиіс.

    Негізгі (титулдық) бетте толық тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жұмыс орны, лауазымы (оқу орны, курс, факультет, мамандық) және номинация атауын көрсету қажет.

    Үміткерлердің құжаттары 2025 жылдың 10 қазанға дейін Максим Горький көшесі, 48, 2 қабат, № 206 кабинет мекенжайы бойынша қабылданады.

    Анықтама үшін телефон: 8(7232) 505075; +7(775) 172-89-87 - Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.